Глоссарий
Лепті сөйлем – адамның көңіл күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер. Лепті
сөйлемнің мағынасы жай хабар болуымен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы,
жалынышы, күмәні, жиреніші сияқты ішкі сезімдерді білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағынада айтылу үшін олардың
құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Лепті сөйлемнің эмоциялық мағыналары
олардың құрамындағы одағай, модаль сөздер мен сөйлемдердің лептілік әуенімен байланысты: 1) қорқу, сескену, аяну,
өкіну, таңырқау сияқты көңіл күйді білдіру үшін қолданылатын баяндауыштар құрамында –ау, -ай демеуліктер
айтылады. Мысалы: Құлайды-ау! 2) Баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік-баяндауышты сөйлем кейде тілек
мағынасында айтылады: Жасаған-ау, бала бере көр – деді. 3) Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында
айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады. 4) Өткенде істелуге тиіс, бірақ істелмеген,
болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлем болады. 5) Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау
мағынасында лепті сөйлем жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |