айтса айтқандай! Аудырмай түсірген! (Ш.Х.).
2. Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұжырып айтуда алғаным алған, алғаны алған, айтатыным
айтамын тәрізді құралған баяндауыштар жұмсалады. Р.Әмірдің көрсетуінше, бұл баяндауыштар да бір сөздің
қайталанып келуі арқылы жасалады. Баяндауыштардың алғаным алған тәрізді түрінде негізгі компонент болып - ған/-
ген формалы есімше түбір күйінде келеді де, қайталақ компонент тәуелдік жалғауын жалғаған есімше түрінде келеді, екі
компонент өзара предикативтік қатынас арқылы байланысады. Бірінші компоненттің тәуелдік жалғауы баяндауыштың
жақтық мағынасына қарай түрленеді. Әпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны
қалған! (Ш.Х.).
3. Эмоциялы баяндауыштардың бір түрі келетіні келеді, келуі келді (келген) тәрізді болып жұмсалады. Әпкем
келетіні келеді (келуі келеді, келуі келген)!
4. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да (алды да кетті) эмоциялық
күйді білдіру үшін қызмет етеді.
Жалғаулық арқылы біріккен күрделі баяндауыш көсемше форма арқылы бірігуден гөрі эмоциялы болуға бейім
болуының себебі бар. Баяндауыштың бұл түрі ерекше интонациямен айтуға ыңғайлы: сіресіп қалдым – сірестім де
қалдым.
4. Эмоциялық баяндауыш «сын есім – десеңші», «етістік – десеңші» болып құрылады: күшті десеңші, алады
десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз қатысқан лепті сөйлемдер құрамында жұмсалады. Оған не жоқ десеңші!
(Б.Т.).
5. «Етістік – дейсің (деймін)», «есім сөз – деймін» болып құралған баяндауыштар да іс-әрекетті эмоциямен атау
үшін жұмсалады: жауды дейсің, ұстамын деймін.
6. Эмоциялы баяндауыштардың бір түрі –тын, -тін формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің
бірігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысады: сөйлейтіннің өзі, күлегештің өзі.
7. Эмоциялы баяндауыштың тағы бір түрі алғанды шығарды тәрізді болып құралады: -ған, -ген, -тын, -тін
формалы есімше шығарды етістігімен тіркесіп, бір баяндауыштық форма құрап тұр. Үй-ішіне ырза болмай, үнемі төмен
қарап отырғанды шығарды (Ә.Н.). Отырғанды шығарды тәрізді құралған баяндауыш субъектіге тән іс-әрекетті
ренішпен, жақтырмай атау қажет болғанда жұмсалады. Ғалым бұл баяндауыштардың ауызекі сөйлеу тіліне тәндігін атап
көрсетеді.
8. Бір топ баяндауыштар тек өткен шаққа қатысты іс-әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет етеді. Солардың бірі
-ғаным тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: келгенім бар ма, сөйлегенім бар ма.
59
9. Эмоциялық мағына білдіретін мына баяндауыштық форма да құралуы жағынан ілгергі аталған формаға
жақын: алмасы бар ма. Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А.Н.).
10. Өткен шақ етістіктен болған баяндауышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді жасалған
баяндауыштар жұмсалады. Қасқырдан бөлтірік тумасын ба! (Б.М.).
11. Өткен шақта болған іс-әрекетті эмоциямен, әсерлі етіп айту үшін –ар/-ер тұлғалы есімше мен шылау ма, ме
бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді: жетіп келермін бе, ала қоярсың ба, айта қояр ма. Аңқау басым, әлгі
манинасының артына міне қоярмын ба! (Б.М.).
12. Эмоциялы лепті сөйлем құрайтын баяндауыштардың бір түрі «болымсыз шартты райлы етістік –ба/-бе»
болып құралады: алмасам ба! Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба! Сенің түбіңе жетпесем бе! (Б.М.).
13. Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баяндауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады:
Достарыңызбен бөлісу: |