Қосымша әдебиеттер
8 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1997. – 240
б.
9 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1 Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемді зерттеушілер кімдер?
2 Құрмалас сөйлемді зерттеушілер көзқарастарында қандай мәселеге қатысты пікір қайшылықтары бар?
Глоссарий
Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдер деп аталса, башқұрт тілінде кушма һөйләм, татар тілінде кушма жөмлә деп аталады.
№ 21,22 дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің анықталуы
Дәріс мақсаты: Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемнің анықталуын меңгерту
Тірек сөздері: құрмалас сөйлем, бағыныңқы, басыңқы, байланысу амалдары
Дәріс жоспары:
1 Түркі тілдерінде құрмалас сөйлемге берілген анықтамалар
2 Құрмалас сөйлемге берілген анықтамалар айырмасы
Дәріс тезистері:
Жалпы аталған түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдерге берілген анықтамалар сипаты ұқсас. Мысалы, қазақ
тілінде құрмалас сөйлемдерге (әрі қарай ҚС) берілген анықтамаларды келтіріп көрейік:
1. Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін, интонациялық жағынан
бір бүтін болып тұратын сөйлемдер құрмалас сөйлемге жатады.
2. Құрамындағы екі не одан да көп сөйлемдердің предикаттық қатынастың негізінде тұлғалық, мағыналық
және интонациялық жағынан өзара тығыз байланыста жұмсалып, күрделі бір ойды білдіре айтылуын құрмалас сөйлем
дейміз.
3. Құрмалас сөйлем деп екі не одан да көп предикативтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық,
грамматикалық тәсілдердің көмегімен мағыналық, құрылымдық, интонациялық біртұтастық жасап бірігуі арқылы
күрделі ойды білдіруге қызмет ететін коммуникативтік бірлік түрін айтамыз.
Құрмалас сөйлем де, жай сөйлем де – екеуі де сөйленіс бірлігіне жатады, қарым-қатынас процесінде екеуі де
бірдей қатысымдық қызметте жұмсалады. Екеуіндегі мәліметтің көлемі де бірдей болуы мүмкін. Бұл – ортақ тұстары.
Айырмасы мынада:
1.Жай сөйлем бір предикативтік орталыққа, ҚС кем дегенде екі предикативтік орталыққа ие.
2. Жай сөйлем компоненттері - сөз тұлғалар мен сөз тіркестері, ҚС компоненттері – предикативтік бірліктер.
3. Грамматикалық мағыналары бір емес: жай сөйлемнің грамматикалық мағынасы – модальдық, жақтық,
шақтық категориялармен берілетін предикативтілік мағына, ҚС бөліктері арасында – мезгілдік, себеп-салдарлық,
шартты т.б. мағыналық қатынастар.
4. ҚС-нің өзіндік интонациясы болады. Ол ҚС компоненттерін әрі ажыратып, әрі байланыстырып екі жақты
қызмет атқарады.
5. ҚС компоненттерін байланыстыратын лексика-семантикалық, грамматикалық амал-тәсілдер болады. Қазақ
тілінде олардың қалыптасқан жүйесі бар.
Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тіл амалдары қазақ тіл білімінде былайша көрсетілген:
1) ҚС компоненттерінің мағыналық жақындығы: Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі
шалқасынан ашылды. Дәл кірер жері тар болғандықтан, Көкбай бастаған жігіттер бірінің артынан бірі тізілді
(М.Әуезов).
2) ҚС компоненттерін байланыстыратын синтетикалық және аналитикалық тәсілдер бар: синтетикалық
тәсілге компоненттерінің бірінің баяндауыштарының тиянақсыз тұлғада (көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары,
септік жалғаулары мен кейбір жұрнақтар және көмекші сөздер тобы) келуі жатады.
Компоненттердің жалғаулық арқылы байланысуын Т.Қордабаев аналитикалық тәсілмен байланысуға
жатқызады.
62
3) ҚС компоненттерін интонация мен компоненттердің орналасу тәртібі де байланыстырады.
4) ҚС компоненттерін байланыстыратын өзге де амалдар қатарына мыналар жатады: компоненттеріне ортақ
бір сөздің келуі; екінші компоненттегі есімдіктердің алдыңғы компоненттердегі ойды нұсқауы (онысы); қандай, сондай
қатыстық сөздерінің келуі; алдыңғы компоненттің толымсыз келіп, кейінгі компонентпен толығуы; компоненттердің
құрылымы, шақтық, жақтық жағынан ыңғайласып келуі; синтаксистік қатар құруы.
Башқұрт тілі синтаксисінде Ғ.Ғ.Сәйетбатталов құрмалас сөйлемдерге мынадай сипаттама береді: «... сложное
предложение является своеобразной единицей человеческого общения и речи, оно выражает комплекс мыслей, его
компоненты передаются в форме односоставных и двусоставных предложений; сложное целое состоит из двух или
нескольких предложений, компоненты соединяются между собой или интонацией, или падежными аффиксами, или
послелогами, или союзами, занимают определенное, постоянное место». Анықтамадан көрініп тұрғанындай, башқұрт
тілінде де құрмалас сөйлемдердің қатысымдық бірлік сапасындағы сипаты, құрамында бір негізді сөйлемдердің де, екі
негізді сөйлемдердің де келе беретіндігі, екі не онан да көп сөйлемдердің болатыны, олардың компоненттерінің арасын
интонация, септік жалғаулары, демеуліктер мен шылаулар байланыстыратыны аталған.
Татар тілінде құрмалас сөйлемдердің мағыналық, құрылымдық, интонациялық тұтастығынан тұратынын,
олардың компоненттерінің байланысы ортақ сөздің болуынан, соңғы компоненттің алдыңғы компонентпен мағыналық
байланысынан тұратынын атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |