Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет89/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

көлбеңдеген жапырақтары бүрісіп-бүрісіп қалған.  Есімшелер жай сөйлемдерді құрмаластыру үшін әр алуан тұлғалық 

құбылыстарға  ұшырап,  тиянақсыз  формаларда  айтылады.  Сабақтас  сөйлемдерде  есімшенің  –ған  тұлғасы  бағыныңқы 

сөйлемнің  баяндауышын жасау үшін жатыс жалғауын тіркеп және соң,кейін көмекшілерін ертіп тұр. Ол жылаған соң, 

әжесі де солқылдап жылады.  

3)  шартты рай  арқылы  құрмаласқанда  бағыныңқының  бастауышы  мен    баяндауышы  қиысып  тұрады.  Өзгелер 

қалай  жүрсе,  мен  де  солай  жүремін,  Сыреке.    Есімше  сөздерімен  тіркесіп,  бағыныңқы  баяндауышын  жасайтын 

шылаулар: сайын, соң, дейін, шейін, кейін, бері,  уақытта,шақта, кезде, қарамастан, ма, деп т.б.   Сабақтас құрмалас 

сөйлем  құрамында  қолданылатын  сілтеу,  сұрау  есімдіктерінің  жұптасып  келуі,  құрмалас  компоненттерін 

байланыстыруға қызмет етеді. Мұндай қатыстық сөздерге кім-не, қайда-сонда, қанша-сонша, қандай-сондай, кімді-нені 



т.б.  жатады.  Қай  жақтың  атызы  бұрын  бітсе,  сол  жақ  суды  бұрын  алады.  Сабақтас  құрмаластағы  ұластырушы 

интонация бір сөйлем мен екінші сөйлемді дауыс ырғағы жағынан өзара ұластырып, бір желілес байланысқа түсіреді.  

 Сабақтас  құрмалас  сөйлем  бағыныңқы  компонентінің  басыңқы  компонентпен  қандай  мағыналық  қатынаста 

тұратындығына  қарай  шартты  бағыныңқылы,  қарсылықты  бағыныңқылы,  салыстырмалы  бағыныңқылы,  мезгіл 



бағыныңқылы,  себеп  бағыныңқылы,  қимыл-сын  немесе  амал  бағыныңқылы,  мақсат  бағыныңқылы  және  үлестес 

сабақтас құрмалас сөйлемдер  деп бөлінеді.  

Шартты бағыныңқылы  сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз – синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-

әрекеттің  орындалу  барысы  бір-біріне  шарт  мәнінде  байланысатын  құрмалас  сөйлем.  Ол  реалды  және  ирреалды  шарт 

бағыныңқылы  деп  бөлінеді.  Бағыныңқысының  баяндауышы  шартты  райдың    –са/-се,  көсемшенің    –май,-майынша

есімшенің  –ғанда тұлғаларының қатысуымен жасалады. Көсеу ұзын болса, қол күймейді.  



Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз – сыңарлары бір-біріне қайшы, қарсы келетін 

әрекеттерді, оқиғаларды баяндайды. Бағыныңқысының баяндауышы көмектес және шығыс тұлғалы есімшеден, шартты 

райдан, көсемшеден жасалады. Қыс қатты болса да, мал аман шықты.  

 Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлемдер дегеніміз – компоненттерінің мағыналық қарым-қатынасы бір-

бірімен салыстырыла айтылатын құрмалас түрі. Мұнда әр синтаксистік компонент мағыналық жақтан жеке дербестігін 

сақтайды,  тек  байланысу  амалы  жағынан  ғана  бағыныңқының  баяндауышы  тиянақсыз  болады.  Ол  төмендегідей 

тәсілдермен  жасалады:  шартты  рай  формалы  етістікке  аяқталған  бағыныңқы  компонент  құрамында  әрқашан  қандай, 



қанша, қалай деген сұрау есімдіктерінің бірі келеді де, басыңқы компонентте сондай, сонша, солай деген сөздердің бірі 

айтылады.  Бағыныңқы  компонент  баяндауышы  қызметінде  –дай,-дей  жұрнақты  өткен  шақ  есімше  келу  арқылы 

жасалады. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер құрамында өзара салыстырыла жұмсалған сөздер болады, басыңқыда 

одан да сөзі келеді. Үлкендер пұшпақ тымақ кисе, соңғы жылдары бозбаланың көбі осындай түлкі тымаққа ауысқан 

еді.  

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем дегеніміз – бағыныңқысы басыңқыдағы істің орындалу мезгілін көрсетіп 

тұратын  сөйлем.  Бағыныңқысының  баяндауыштары  есімшенің  -ған,  -ар,  -ер  формантты  түрі  мен    атау  түріндегі 

есімшелерге  кезде,  шақта,  соң,  сайын  т.б.  тіркесуімен,  барыс  тұлғалы  есімшеге  дейін,  шейін  шылауларының 

тіркесуімен жасалады. 

 Себеп  бағыныңқылы  сөйлем  басыңқыдағы  оқиғаның  (салдарлық)  себебін  білдіріп,  дағдылы  себеп 

пысықтауыштың сұрағына жауап беріп тұрады. Себеп бағыныңқылы сабақтастарды жасаудың негізгі төл тәсілі – шығыс 

жалғаулы  есімшелер.  Көсемшелер  арқылы  жасалған  себеп  бағыныңқылы  сабақтастар  шығыс  жалғаулы  есімшелерден 

кейін  көсемше  жұрнақтарының  құрмалас  сөйлем  жасаудағы  қызметінің  өріс  алуынан  келіп  шыққан.  Патша  тағынан 



түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.  

Амал  (қимыл-сын)  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  дегеніміз  –  бағыныңқысы  басыңқыдағы  іс-

әрекеттің,  қимыл-қозғалыстың  қалай  болғандығын,  қимылдың  сынын  білдіретін  сөйлем.  Ол  екі  түрлі  тәсілмен 

жасалады: 1) синтетикалық тәсіл, яғни бағыныңқы баяндауышы көсемшенің  –п, -ып, -іп, -а, -е, -й жұрнақтары арқылы 

жасалады, 2) аналитикалық тәсіл, яғни бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлеммен шылау мәндегі деп көмекші 

етістігі арқылы байланысады. Бірақ күлуге шамасы келмей, қансыз-сөлсіз, көгерістеу ерні сәл ғана жыбыр етті. Өткен 

шақ көсемшелер – амал бағыныңқы сөйлем жасаудың негізгі тәсілі. Ол өте көне заманнан келе жатқан құбылыс.  



Мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлем  дегеніміз  –  бағыныңқысы  басыңқыдағы  іс-әрекеттің, 

қимылдың  орындалу  мақсатын  білдіретін  сөйлем  түрі.  Жасалуына  -п  формантты  көсемше  -ғана  көмекші  етістігінің 

құрамында  келуімен,  тұйық етістіктің   үшін шылауымен тіркесуі  қатысады.  Сұрауым  көпшілікке түсінікті болу үшін, 

сіздерге екі түрлі сұрау берейін.  

Үлестес  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  –  бір  мезгіл  ішінде  бірінен  кейін  бірі  іркес-тіркес  жалғаса  болған  я 

болып жатқан, біріне-бірі тәуелсіз іс-әрекетті, жай-күйлерді баяндайтын сөйлемдер. 

 Өзіндік  белгілері:  басқа  сабақтастардағыдай  себептестік,  қарсылықты,  шартты,  амалдық,  мақсаттық, 

салыстырмалы  қатынастар  болмайды,  компоненттер  арасындағы  тәуелділік  тек  формалық  жағынан  болады,  олар  тек 

көсемшенің  -  п  формасы  мен  шартты  рай  тұлғасынан  жасалады.  Мұндай  сөйлемдердің  баяндауыштары  негізінен 

ырықсыз етіс түрінде келеді.   

Башқұрт тілінде бағыныңқы сөйлемдер құрылымдық-семантикалық ұстанымға сай 14 түрге топтастырылған:  

1. Бастауыш бағыныңқы сөйлем (эйә һөйләм) 

2. Баяндауыш бағыныңқы сөйлем (хәбәр һөйләм)  

3. Анықтауыш бағыныңқы сөйлем (аныклаусы һөйләм)  

4. Толықтауыш бағыныңқы сөйлем (тултырыусы һөйләм) 

5. Мезгіл бағыныңқылы сөйлем (вакыт һөйләм)  

6. Мекен бағыныңқылы сөйлем (урын һөйләм)  

7. Себеп бағыныңқылы сөйлем (сәбәп һөйләм)  

8. Салдар бағыныңқылы сөйлем (һөзөмтә һөйләм)  



69 

 

9. Мақсат бағыныңқылы сөйлем (максат һөйләм)  



10. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлем (рәүеш һөйләм) 

11. Мөлшер-көлем бағыныңқылы сөйлем (дәрәжә-күләм һөйләме) 

12. Салыстырмалы бағыныңқылы сөйлем (сағыштырыу һөйләм) 

13. Шарт бағыныңқылы сөйлем (шарт һөйләм) 

14. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем (кире һөйләм).  

Татар тілінде сабақтас құрмалас сөйлемдер мынадай мағыналық түрлерге топтастырылған:  

1. Бастауыш бағыныңқы сөйлем (иярчен ия жөмлә)  

2. Баяндауыш бағыныңқы сөйлем (иярчен хәбәр жөмлә)  

3. Анықтауыш бағыныңқы сөйлем (иярчен аергыч жөмлә)  

4. Толықтауыш бағыныңқылы сөйлем (иярчен тәмамлык жөмлә) 

5. Мекен бағыныңқылы сөйлем (иярчен урын жөмлә)  

6. Мезгіл бағыныңқылы сөйлем (иярчен вакыт жөмлә)  

7. Мақсат бағыныңқылы сөйлем (иярчен максат жөмлә)  

8. Себеп бағыныңқылы сөйлем (иярчен сәбәп жөмлә) 

9. Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлем (иярчен рәвеш жөмлә)  

10. Шарт бағыныңқылы сөйлем (иярчен шарт жөмлә)  

11. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем (иярчен кире жөмлә).  

Негізінен,  аталып  отырған  тілдерде  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  ортақ  сипаты  басым,  сабақтас 

құрмаластарды топтастыруда татар, башқұрт  тілдеріндегі  әдебиеттерде бағыныңқыларды  сөйлем  мүшелері  ыңғайында 

жіктеу мен мағыналық қатынасын қоса ескеру орын алғаны байқалады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет