Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет97/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

  

Қосымша әдебиеттер 

 

8  Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1997. – 



240 б.  

 

9 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б. 



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:  

1 Көп компонентті салалас сөйлемдер түркі тіл білімінде қандай атауларға ие?  

2 Көп компонентті салалас сөйлемдер татар тілінде қалай сипатталады, қалай жіктеледі?  

3Өзбек тілі синтаксисінде көп компонентті салалас сөйлемдер қандай анықтамаға ие, өзіндік белгілеріне нені 

жатқызады?  

Қарақалпақ тілі синтаксисін зерттеушілердің көп компонентті салалас сөйлемге қатысты пікірлері қандай?  



Қырғыз тілі синтаксисін зерттеушілердің көп компонентті салалас сөйлемге қатысты пікірі қандай?  



Глоссарий 

Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемнің  түркі  тілдерінде  зерттелуіне  қатысты  мына  жайттарды  бөліп 

көрсетуімізге болады:  

 

1.  Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  компоненттер  санының  үшеу  не  онан  да  көп 



болатындығы аталған тілдердің бәрінде де бірдей айтылған.  

 

2.  Компоненттер  құрамына  енуге  мүмкіндігі  бар  сөйлемдер  -  жай  және  салалас  құрмалас  сөйлемдер. 



Азербайжан және қарашай-балкар тілдерінде бұлардың қатарына сабақтас құрмаласты жатқызады.  

 

3. Негізінен, түркі тілдерінің көпшілігінде компонент жекелеген жай сөйлемдерді білдіреді.  



 

4. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің мағыналық топтарға бірігетіндігі 

ішінара сөз болады (татар және қарашай-балкар тілінде).  



73 

 

 



5.  Көпшілік  ғалымдардың  көзқарасынша,  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің 

мағыналары  параллель  келеді  де,  оларға  интонацияның  екі  түрі  тән  болады:  1)  санамалау,  2)  ескерту 

(предупредительная) интонациясы.  

 

6. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері мағыналары тепе-тең де, бірі екіншілеріне тәуелді 



де болып та келеді.  

 

7. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысуы, негізінен, жалғаулықсыз, болмаса, 



жалғаулықты келеді. Қарақалпақ тілінде бұларға қоса аралас салалас құрмалас сөйлем айтылады, яғни, көп компонентті 

салалас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік байланыс әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз байланысады.  

 

8. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің құрылымы туралы екі түрлі ой байқалады: а) көп компонентті 



салалас  құрмалас сөйлемнің  құрылымы ашық және тұйық болатындығы, ә)  көп компонентті  салалас  құрмалас сөйлем 

құрылымы тек тұйық болып тұратындығы.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет