Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет93/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   159
Байланысты:
ktj 20522

Дәріс тезистері:  

Түркі  тілдері  синтаксисін  зерттеуге  арналған  еңбектермен  танысу  барысында  көп  компонентті  салалас 

құрмалас  сөйлемнің  бұл  тілдердің  қай-қайсысында  да  бар  құбылыс  екендігіне  көзіміз  жете  түсті.  Дегенмен,  көп 

компонентті салалас сөйлемнің зерттелу деңгейі әр түркі тілінде әртүрлі.  

 

Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  әр  түркі  тілінде  өзінше  атауға  ие.  Мысалы,  татар  тілінде  "куп 



тезмәле кушма жумлэ", өзбек тілінде "богланши йули билан тузилган мураккаб кушма гаплар", қарақалпақ тілінде "көп 

компонентли дизбекли қоспа гәп" т.б.  

 

Татар  тілі  синтаксисін  зерттеуші  М.З.Зәкиев  сөйлемнің  бұл  типіне  терең  талдау  жасайды.  Автор  1958  жылы 



жарық  көрген  еңбегінде  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемге  анықтама  беріп,  оның  құрылымына  байланысты 

түрлерін топтап көрсетеді:  

 

1)  құрамындағы  сөйлемдер  параллель  келеді  және  санамалау  интонациясымен  ажыратылады.  Автордың 



айтуынша, параллель үдерістерді білдірген сөйлемдер мағыналары жағынан бір-бірінен алшақ болуы да мүмкін, бірақ 


70 

 

оларды жинақтап бір мезгілде көрсету мақсат етілетіндіктен ғана олар бір құрмалас құрамына еніп тұр. М.З.Зәкиевше 



айтсақ: "обстановканы тасварлауэ эчен генэ мәгьнэ ягынан ерак жөмлэлэр тезме кушма жомлэга берләштерелсәлер".  

 

2)  Жалғаулықтар  арқылы  байланысқан  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемде:  әле  янгыр  ява,  әле  кар 



төше, әле қатты жил исә башляи.   

 

3)  Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемде  бір  түрлі  қарсылық  жалғаулығы  қайталанып  келе  алмайды, 

олар тек әртүрлі болса ғана қайталанады.  

 

4) Бастапқы сөйлемдер параллель үдерістерді білдіріп, үшінші сөйлем мағынасы жағынан соларға қарсы келуі 



мүмкін: бүгін я кино курсәтерләр, я жыелыш ясарлар, ләкин театр булмас.  

 

5) Бастапқы екі сөйлем қарсы қоюшы жалғаулықпен байланысып үшінші сөйлем екінші сөйлемге  - жиюшы я 



жалғаулықпен байланысуы мүмкін: клубта  театр булмас, лэкин кино курэсэтерлер, я желыш у уткарерлер.  

 

6)  Өзара  қарсы  қоюшы  жалғаулықтармен  келген  сөйлемдер  бірге  келіп  көп  компонентті  салалас  құрмалас 



сөйлем түзуі мүмкін.   

 

Автор  сөйлем  типін  түрге  бөлуде,  негізінен,  жалғаулықтарды  басшылыққа  алған  және  қарсылық 



жалғаулықтарының (бірдей) көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамында қайталана алмайтындығын атап, оны 

жеке  түрде  бөліп  көрсетеді.  М.З.Зәкиев  сөз  соңында  "куп  тезмэле  кушма  жөмләнен  башка  бик  куп  төрле  структур 

узенчөлеки-эре буларга мөмкин" деп,  қорытынды жасайды.  Автор мұнан кейінгі орыс тілінде жарық  көрген еңбегінің 

бір  тарауын  түгелімен  көп  мүшелі  құрмалас  сөйлем  құрылысына  арнайды.  М.З.Зәкиев  бұл  еңбегінде  көп  компонентті 

салалас құрмалас сөйлемге қатысты бұрынғы ойларын баяндай отырып, жаңаша пікір білдіреді. Алдыңғы еңбекте көп 

компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамында тек жай сөйлемдер келетіндігі сөз болса, бұл зерттеуде аталған сөйлем 

типінің  құрамында  екі  мүшелі  салаластардың  келетіндігі  айтылған.  Тағы  бір  ерекшелік  -  көп  компонентті  салалас 

құрмалас сөйлемде бір топ салаластар мағынасы жағынан осы сөйлемдегі екінші салаластар тобына қарсы болып келуі 

не керісінше келе алуының көрсетілуі. Айта кететін бір жайт, М.З.Закиев көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді 

жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  деп  бөліп  көрсетеді.  Жалғаулықсыз  түріне  байланысты  ой  түйе  отырып,  автор  кей 

лингвистердің  салаласты  себеп-салдарлы,  түсіндірмелі,  әр  типті  құрамдас  бөліктермен  келген  салалас  деп  бөлуіне 

қарсылық білдіріп, өз ойын дәлелдейді.  

 

Қазақ  тілінде  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемнің  ең  жиі  кездесетін  түрі  -  түсіндірмелі.  Осы 



салаластың  түрлерінің  өзі  әр  түрлі.  Мысалы,  кейбіреулері  тек  бір  мезгілдегі  оқиғаны  не  құбылысты  бірі  жалпылап, 

екіншілері соны жан-жақтан сипаттап ашса, енді бір түрінде біріншідегі оқиғаны нақтылап түсіндіріп тұрады. Мұндай 

сөйлем типін (түсіндірмелі сөйлемді) қазақ тіл білімінде салалас деп таниды. 

 

Өзбек тілі синтаксисінде көп компонентті салалас құрмалас сөйлем туралы пікір Г.А.Абдурахманов еңбегінде 



кездеседі.  Автор  кітап  тілінде  "ерекше  сөйленің"  пайда  болғанына  тоқталады,  бұл  сөйлем  Г.А.Абдурахмановаша,  өз 

құрамында құрмалас сөйлемнің әр түрін, әр типтерін қамтып тұрады. Олар біртұтас интонацияға  ие болып,  аяқталған 

ойды білдіреді. Сөйлемнің осы типін баяндауда автор бірнеше терминді қатар пайдаланған, бір құбылысты түрлі-түрлі 

атаумен берген:  

1) периодтың күрделенген типі,  

2) күрделенген құрамды құрмалас сөйлем, 

 3) күрделенген период,  

4) күрделенген типті құрмалас сөйлем.  

Күрделенген  құрамды  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  бөліктер  санының  әр  түрлі  болатындығын,  ол 

бөліктердің әрқайсысы өз құрамына құрмалас сөйлемдерді де, жай сөйлемдерді де енгізе алатындығын көрсетеді. Және 

ондай  конструкцияларды  санамалап  төрт  түрін  нақтылайды.  Күрделенген  құрамды  құрмалас  бөліктерінің  арасында 

салыстырмалы,  түсіндірмелі,  мезгілдік,  шарттық,  себеп-салдарлық  қатынас  орнайтындығын  айқындайды.  Автор 

күрделенген  құрамды  құрмалас  сөйлемнің  грамматикалық  құрылысы  мен  мағынасы,  интонациясы  біртұтастықта 

болатындығын  дәлелдейді.  Сөз  болып  отырған  еңбекте  автор  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  туралы  жеке 

дара пікір білдірмеген. Кейін М.Асқаровамен біріккен еңбекте көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің (мураккаб 

кушма гаптың) анықтамасын келтіреді, оны іштей жікке бөледі. Авторлардың көрсетуінше, мұндай сөйлем құрамында 

келетін сөйлемдер саны үшеу не онан да артық болуы керек.  

 

Автор  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемге  мынандай  анықтама  береді:  "...  уч  еки  ундан  ортик  тенг 



хукукли  компонентлардан тузилады:  Масалан: (1) Партия кулимиздан етаклади  - ю, (2) биз  енгиб чикдик, (3) кишлок 

кузгунлардан кутулду".  

 

Көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлем  туралы  өте  қысқа  мағлұмат  берілген.  Әрбір  жеке  сөйлем  көп 



компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненті ретінде ұғынылған.  

 

Қарақалпақ тілі синтаксисін  зерттеуші А.Нажимов  көп компонентті құрмаласты үшке бөледі:  



1) көп компонентті бағыныңқы сабақтас құрмалас,  

2) аралас құрмалас,  

3) көп компонентті салалас құрмалас (көп компонентли дизбекли қоспа гәп). 

 Бұл  тілде  "компонент"  ұғымы  жекелеген  жай  сөйлемге  сәйкес  қолданылған.  Компоненттердің  мағыналық 

топтарға  бірігетіндігін    сонан  соң  ғана  құрмалас  сөйлем  құрайтындығын  аралас  құрмалас  сөйлем  туралы  баяндау 

барысында  ғана  атап  кетеді.  Еңбекте  қарақалпақ  тіліндегі  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемдерді 

компоненттерінің  арасндағы  мағыналық  қатынастары  бойынша  айырым  топтарға  жіктеуге  келе  бермейтіндігі,  бір 

бүтіннің ішіндегі компоненттердің мағыналық қатынастары әр қилы келетіндігі сөз болып мысал келтірген. Қарақалпақ 

тіліндегі материалдардың негізінде көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді мынандай екі түрге бөліп көрсетеді:  

1) компоненттері мағыналық жағынан тең қатынаста болатын түрі,  

2) көп компонентті салалас құрмалас құрамындағы компоненттердің біреуі (көбінесе, біріншісі) жалпы мәнде 

келіп, қалғандары соны түсіндіреді. Авторша айтсақ: "қоспа гәптин составындағы компонентлерин ин биреуи (көбинесе, 

бериншиси) улыума, жалпы мәнине баянлап келеди, қалганлары оны тусиндиреди". Автор бұл екі конструкциядан басқа 

да түрі кездесетіндігіне тоқтайды, яғни, бұл түрдің ерекшелігі сонда - жалпылаушы, түсіндірілетін бөлікті нақтылайтын 

бөлік  екеу  болып  келуі  мүмкін.  Бизин  есепші  дұрыс  айтады.  Сенин,  цыганга  усаган  бир  мынадай  әдетин  бар: 



71 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет