ескерткіштеріне, түркі тілінің құрылымына тән типтік құбылыс. Н.З.Гаджиева көрсеткен сөйлемдер тізбегі деп атаған
(сөйлемдердің тізбектелуін автор құрмалас сөйлем құрылуының құрылымдық тәсілі деп те көрсетеді) сөйлем типі
Азербайжан тіліндегі көп компонентті құрмалас сөйлем туралы пікір айтқан ғалымдардың бірі - З.Х.Таги-Заде.
танылуы керектігін сөз етеді. Автордың ойынша, мұндай сөйлемдер тұйық қатар түзеді және ол белгілі бір жолдар
1) асинтетикалық сөйлемдерде (жалғаулықсыз салалас құрмаласта) компоненттерге ортақ аффикстердің тек
2) аналитикалық сөйлемдерде (жалғаулықты салаласта) соңғы компоненттің алдынан жалғаулықтардың
3) аналитикалық салаластың соңғы компонентінің жұп жалғаулықтарымен және демеуліктер арқылы келуі т.б. .
Азербайжан тілі синтаксисінде салалас сөйлем құрамында жай және құрмалас сөйлемдер, оның ішінде
3) жай сөйлемдерден болатын салалас құрмалас. Ғалым салалас құрмалас құрамында сабақтас байланыстың
2) компоненттері жай не күрделі құрылымда келіп, үш не онан да көп бөліктерден құралған, екі не онан артық
синтаксистік орталыққа ие салалас құрмалас сөйлем. Авторша, бұл салаластың компоненттері сапасында жай және
құрмалас сөйлемнің қай түрі де келе алады. Осыған сай, қарашай-балкар тіліндегі салаласты автор былайша топтаған:
72
4) екі салалас құрмаластан тұратын,
5) жай және сабақтас құрмаластан
жасалған,
6) екі сабақтаспен келген,
7) сабақтас және салалас құрмаластардың өзара салаласуынан тұратын құрмалас.
У.Б.Алиев екі не онан көп синтаксистік орталықпен келген салаластарда сөйлемнің тұтас сипатын осы
орталықтар анықтайды, олардың арасындағы қатынастар мезгілдестік, кезектестік, кеңістіктік т.с.с. болатындығын
айтады. Автордың айтуынша, мұндай сөйлемдегі орталықтар саны оның құрамындағы компоненттер санына тәуелді.
Егер компоненттер саны (олар күрделі де, жай да бола алады) екеу болса, онда сөйлемде бір синтаксистік орталық, егер
үшеу болса, екі синтаксистік орталық, төртеу болса, үш синтаксистік орталық т.с.с. болып келеді. У.Б.Алиев құрмалас
сөйлем компоненттерінің арасындағы қатынасты екі үлкен типке бөледі де, қалғандарын соның ішіне енгізеді.
Жоғарыдағы баяндалғандар негізінде біз көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің түркі тілдерінде
зерттелуіне қатысты мына жайттарды бөліп көрсетуімізге болады:
1. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттер санының үшеу не онан да көп
болатындығы аталған тілдердің бәрінде де бірдей айтылған.
2. Компоненттер құрамына енуге мүмкіндігі бар сөйлемдер - жай және салалас құрмалас сөйлемдер.
Азербайжан және қарашай-балкар тілдерінде бұлардың қатарына сабақтас құрмаласты жатқызады.
3. Негізінен, түркі тілдерінің көпшілігінде компонент жекелеген жай сөйлемдерді білдіреді.
4. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің мағыналық топтарға бірігетіндігі
ішінара сөз болады (татар және қарашай-балкар тілінде).
5. Көпшілік ғалымдардың көзқарасынша, көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің
мағыналары параллель келеді де, оларға интонацияның екі түрі тән болады: 1) санамалау, 2) ескерту
(предупредительная) интонациясы.
6. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері мағыналары тепе-тең де, бірі екіншілеріне тәуелді
де болып та келеді.
7. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысуы, негізінен, жалғаулықсыз, болмаса,
жалғаулықты келеді. Қарақалпақ тілінде бұларға қоса аралас салалас құрмалас сөйлем айтылады, яғни, көп компонентті
салалас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік байланыс әрі жалғаулықты, әрі жалғаулықсыз байланысады.
8. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің құрылымы туралы екі түрлі ой байқалады: а) көп компонентті
салалас құрмалас сөйлемнің құрылымы ашық және тұйық болатындығы, ә) көп компонентті салалас құрмалас сөйлем
құрылымы тек тұйық болып тұратындығы.
Жалпы алғанда, көп компонентті салалас құрмалас сөйлем табиғаты түркі тіл біліміне қатысты еңбектерде сөз
болғанымен, әлі де "басы ашылмаған" мәселелерінің көптігімен көзге түседі. Аталған сөйлем құрамына енетін
сөйлемдер қасиетінің күрделі құрылымға енгенде қандай жаңа қасиеттерге ие болып, не қандай өзгерістерге түсетіндігін
айқындау және олардың әрбіріндегі белгілі бір мазмұнның көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің тұтас
мағынасын берудегі қатталу мәселелері, жалпы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің тек өзіне тән белгілері
жеткілікті айқындауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: