Үстеулі сөз тіркестері. Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын
сөздер деп қараймыз, сондықтан олар етістіктермен тіркесу үшін жаратылған сөздер
деуге болады. Үстеулер етістіктердің алдында қабыса байланыста жұмсалып өте жиі
кездесетіндіктен, ондай сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті
сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, мекен, себеп, мақсат
т.б. мағыналарда жұмсалады.
Еліктеуішті сөз тіркестері. Еліктеуіш сөздер – өзіндік ерекшеліктері бар сөз
табынының бірі. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші, не негізгі
етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамында қолданылады. Мысалы; (мылтық) тарс
етті, (жарық) жылт етті, (бала) жалт қарады. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңары қызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер tтістіктерді мəнерлі түрде еліктеу
тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер
қимыл-əрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ
қайнау, тарс-тарс соғу.