қан,-ған,-кен,-ген жұрнақты түрі арқылы беріледі де, егер ол етістіктің ол етістіктің
келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, -
тың, тін жұрнақты есімше арқылы беріледі. Ал егер, төл сөздің баяндауышы етістіктің
бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық рай формасына айналады.
Баяндауышы есім сөзден я есім араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық райдан
болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Бөгде сөз дегеніміз не?
2. Төл сөз жəне оның түрлеріне сипаттама берің.
3. Автор сөзі дегеніміз не?
4. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың қандай тəсілдері бар?
Пайдаланылатын əдебиеттер:
1. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
4. Сəдуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер.Алматы. 1996.
5. Сайрамбаев Т. Синтаксистің кейбір мəселелері.Алматы. 1996
Достарыңызбен бөлісу: |