1
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖƏНЕ ОРТА
АРНАУЛЫ БIЛIМДЕНДIРУ МИНИСТРЛIГI
БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТIК
УНИВЕРСИТЕТI
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТI
ТҮРКI ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ
Дайындаған: ассистент Асанова Жамила
НӨКIС-2010 жыл
Қазақ тілі синтаксисі зерттеу обьектісі. Сөз тіркесі.
Жоспары
1. Синтаксис жəне оның обьектілері
2. Синтаксистің тараулары
3. Синтаксистің зерттелу тарихы
4. Сөз тіркесінің синтаксисі
Тірек сөздер; Синтаксис туралы түсінік, сөз тіркесінің синтаксисі, жай сөйлемнің
синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі, синтаксистің зерттелу тарихы.
Синтаксис – грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі.
Грамматиканың тең праволы, əрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының
қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мəселелері болады;
морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының
грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде
мынандай екі салаға бөлінеді; 1) Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара
тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тəсілдері мен формалары, сөз тіркесінің құрамы, олардың
түр-түрі қарастырылады. 2) Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу
принциптері, сөйлемнің құрамы қарастырылады.
Синтаксис бұл мəселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі
ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нəрсе деп қарамайды, өзара тығыз
байланыста
қарастырады.
Сондықтан
сөздердің
морфологиялық
құрылысы
синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен
морфология тіл ғылымының дербес салалары болумен қатар, олар да синтаксистен
байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де , сөйлем – кісінің ойын
айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем
мүшелерін жəне басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің
грамматикалық тəсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады.
Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді
бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологилық-синтаксистік категория ретінде
тексереді.
Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ілімді
синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын да сол термин арқылы атаймыз.
Əрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері болады. Қазақ тіл
білімінің бұғанасы бекіліп қалыстасқан қай саласын алсақ та, олардың əрқайсысының
даму кезеңдері болған. Ғылым салаларының даму барысында оның əдепкі
біртұтатыстық түйдегінің жеке мəселелері бөлшектеніп танылып сол саланың дербес
бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.
Қазақ тілінің синтаксис мəселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы орайында
қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой
көрсетіп, оның жеке мəселелері көптеген ғылыми зерттеудің обьектілері болып, қазір
солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды.
Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис
ғылымының бір саласына айналды.
Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен
ұштастыра ұғыныспайынша көп мəселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс
тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі
сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдан əрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл
біліміне қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз тіркесі синтаксисі енді ғылымдық
дербестігіне оқшауланып, бұғанасы бекіп келе жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай
болуының өзі заңды.
Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, əдетте олар жоқтан бар болып,
тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған
салалары пайда болады. Мысалы, химия ол баста біртұтас ғылым болса, бұл күнде
оның органикалық, органикалық емес биологиялық, катализ тəрізді бірнеше салалары
бар. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – грамматиканы да, ертеде филологтар дəл
бүгінгідей саралап жік-жікке бөлп қарастырмайтын. Фонетика да морфология,
синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін. 1894-1897 жылдары
орыс тілінде шыққан П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского
языка” деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Казембектің жəне миссионерлер
жазған “Алтай тілінің грамматикаларына” негізделгенмен, онда да фонетика
грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны “Этимология” деп атап, оған
синтаксис мəселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға
қатысты мəселелері араластырылады. Бұл еңбек сол кездегі түркітанушылардың тіл
мəселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыруының дəрежесін бүгінгімен салыстырғанда,
өте төмен екенін көрсетсе, екінші жағынан - өз заманының қазақ тіл біліміне қосқан
үлкен үлесі. Ол – қазақ тілі жайында шыққан ең бірінші, əрі көлемді грамматика.
П.М.Мелиоранский соны жазғанда, қазақ тілін өз ана тіліндей біліп, қазақ тілі
материалдарын зерттей жүріп, солардың қорытындысы ретінде жазбаған, “Алтай
тілінің грамматикасының” үлгісімен жазған, ол екі кітапта баяндалған көп мəселелер
əлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.
1920 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың “Тіл-құралдары” (үш кітап) оқу
орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық
атаулар мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде
мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші “Тіл –
құралында” баяндалады. Бертінде, 1930-40 жылдары қазақ тілінің бірнеше
грамматикасы шықты, синтаксиске арналған азын-аулақ зерттеулер мен шағын
мақалалар жарияланды. Оларды жай жəне құрмалас сөйлемдер синтаксистерінің негізгі
мəселелері біршама тəуір баяндалады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады.
1939 жылы проф. Қ.Қ. Жұбановтың, 1939 жылы С.А.Аманжолов пен
С.Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты.
Бұларда сөйлем мүшелерінің тіркесі жайында айтылғандары сөз тіркесіне де
қатысы бар деп қарауға болар, бірақ синтаксистің еленбей жүрген келелі саласы сөз
тіркесі екенін де, оның жекелеген мəселелерін де ол авторлар ғылыми зерттеудің
обьектісі деп танымайды, танымағаны былай тұрсын, сөз тіркесі мүлде ауызға
алынбайды. С.Аманжоловтың жоғарыда аталған кітабында “сөздердің тізбектері” деген
тақырып бар. Онда лексикалық пен тұрақты тіркеске қатысты мысалдарды екі бөліп
баяндайды.
Дұрысында, 1940 жылдары қазақ тілінің грамматикалық категорияларын
айқындау жұмысы мектептерге əртүрлі бағдарламалар, оқулықтар жазу үстінде жүріп
жатты. Бізде ол жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелерін жариялап
барып, солар негізінде оқулықтар жазылған жоқ, бірақ оқулықтар жазылу үстінде
көптеген ғылыми қорытындылар жасалып отырылды. Сонда қазақ тілін
зерттеушілердің пікір таластары жоқты бар ету бағытында болмай, көбінесе барды
дұрыс түсіну, солардың грамматикалық сыр-сипатын айқындау ыңғайында болып
отырды. Соларды игеріп алмай тұрып, əрине, жаңалыққа қол созу да оңай еместі. Əйтсе
де проф. Қ.Қ.Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар
грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мəселелерді өзінше дұрыс бағдарлап
баяндауға тырысты. Сол бағытта орта мектепке арнап 1936 жылы грамматика
оқулығын шығарды, соған байланысты “Ауыл мұғалімі” журналында “Жаңа
грамматиканың жаңалықтары” деген мақала жариялады. Қ.Жұбановтың мектеп
тəжірибесінен ғылымға шұғыл бет бұруының бір айғағы есебінде автордың көмекші
етістіктер жайындағы жəне сөйлем мүшелерінің орналасу тəртібінің тарихы жайындағы
еңбектерін айтуға болады. Соңғы мəселеге арналған кітапта Қ.Жұбанов сөйлем
мүшелерінің бұл күндегі орналасу тəртібінің ертеде өзгеше болғанын дəлелдейді.
Сондағы ғылыми болжаулар мен келтірілген деректердің сөйлем мүшелеріне ғана емес,
сөз тіркестері тарихына да тікелей қатысы бар.
Мектеп тəжірибесінен ұлғайған ой-пікірлер проф. С.Аманжоловты да “Қазақ тілі
ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын” жазуға итермеледі. Бұл студенттер үшін
жазылған бірінші оқу құралы болғандықтан жəне автордың синтаксис мəселелерін
ғылыми тұрғыдан баяндау мақсатын көздегендіктен, кезінде филолог-студенттердің
қажетіне жараттық дейді. Бірақ автор ол кітапта сол кездегі “жаңа ілім” қағидаларын
қазақ тілі синтаксисімен ұштастырмақ болды. Сөйтемін деп синтаксистің біраз
мəселелерін теріс түсіндірді. Сонымен қатар сол кітапта қазақ тілі материалдарына
сүйеніп айтылған, дұрыс қорытқан да мəселелер бар. Олары соңғы жылдары басқа
авторлармен бірлесіп жазған орта мектеп оқулығынан орын алды.
Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның
жай жəне құрмалас сөйлем мəселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында “сөз
тіркесі” бөлек талданбайды. Бірақ “үйірлі мүше” деген атпен қай сөздің қандай
сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш,
пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дəлелдерінің есімді, етістікті сөз
тіркестеріне қатысы бар.
1954 жылы “Қазіргі қазақ тілі” деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап –
қазақ тіл білімінің фонетика, лексика жəне грамматика мəселелеріне жан-жақты
мағлұмат беретін елеулі табысы. Онда жеке адамға табыну, дəйексөзге əуестену тəрізді
елеулі кемшіліктер бола тұрса да, көп мəселелер жүйеге салынып, ғылыми тұрғыдан
дұрыс баяндалған, көптеген жаңалықтар енгізілген. Ол кітаптың синтаксис
саласындағы бір жаңалығы – сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп
алып, өзіндік өзгешеліктері бар мəселелер ретінде қарастырылуы. Осыны айтып
отырған автордың сол жұмысында қате тұжырымы да болды. Онда сөз тіркесі əрі сөз
таптарының, əрі сөйлем мүшелерінің тілдің ретінде салаласатын, сабақтасатын
байланыстағы сөздер деп қаралған. Кейінгі зерттеулеріміз мəселеге басқаша керек
екенін көрсетті. Дұрысында, сөз тіркесі – сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз
таптарының тіркесі. Сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа
байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді. Олар жай сөйлем
синтаксисінде қаралуға тиіс. Осы сынды өзге автор адресіне де айтуға болады.
Жалпы түркітанушылық əдебиеттерде сөз тіркесі дегенді бөліп қарамай-ақ,
“анықтауыштық есімдер тобы” дегенге ерекше көңіл бөлінді. Оның себебі; ертедегі
түрқітанушылар түркі тілдерінің синтаксистік құрылыстарында кездесетін өзгеше
құбылыстарды айқындауды басты міндет етті.
Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің зат есімдермен
жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы
түркі тілдерінің елеулі өзгешелігі болып саналады.
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын –
грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі,
сөйлем. Бұлардың əрқайсысы əр алуан бөлшек – бөлімдерден құралғанмен, бəріне тəн,
бəріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп
танимыз. Мысалы, сөздің дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары
болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің
бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздің өмірі сөз
тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. Əлемдегі жан-жануарлардың, күнелту табиғи
айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де “табиғи” жұмсалу “айналасы”, өмір
сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да өмір сүру қызметі де
сөйлем ішінде жұмсалуы болады.
Осындай қарым-қатынасының нəтижесінде əрбір грамматикалық единицалар
тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшің сөз сөз тіркесінің
құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға
қатысады.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты
синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын
айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай
ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол
бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де атқаруы мүмкін емес пе? Көркем əдебиетте
- Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді – сияқты сөздер мен сөз тіркестері
сөйлем қызметінде жұмсалады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып
танудың керегі жоқ деуге бола ма? Соны дəл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті
ғалымдары олардың арасына “сына қағып” екі айырып тастау керек екенін уағыздады.
Жоғарыда айтқанымыздай, сөз тіркесінің сыр-сипаты жайында ғалымдардың
көзқарастары əр алуан. Дұрысында көз жеткізу үшін сөз тіркесінің сөйлемнен сөзден
айырмашылықтары нелер екенің білу керек.
Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы
болса, сөз тіркесі жəне сөз – сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз
байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның əрқайсысына тəн өзіндіқ
айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетің де орындары болатыны
белгілі. Қалайда күрделі сөздерді жəне басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп
шатастырмау керек, жеке де сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалса, олар- сөз
тіркестеріне тəн қасиеттерінен айырылып қалады деп те түсінбеу керек.
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден сөйлем құрамында
жасалатындықтан, бұлардың ерекшеліктерін білу керек.
Сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек? деген проблема көп ғалымдарға
түрліше ой салған болатын. Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып, сөз
тіркесің номинативті, сөйлемді – предкативті деп танитын болды. Осылай сөз тіркесін
“номинатив” деп тану оны “сөз” дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған
басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. Мысалы, Н.А.Баскаков екі
синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау
процесінің тілдегі көрінісі деп табады; абстракциялау, конкреттеу. Солардың бəрі -
өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты
екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар.
Алдымен сөз тіркесін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз
тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті
деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған
терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш, темір жол, мал дəрігері
т.б.) Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің
жасалуы олардың екінші рет атауыш дəрежесіне көтерілуі болмақ. (Мысалы: атқұлақ,
қараторғай, тасбақа, балықкөз, өнеркəсіп, қолөнер, кəсіподақ, қайнаға)
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын – сөз. Сөз тіл білімінде
лексикология мен семасиологияның зерттеу обьектісі болуымен қатар, грамматикада да
əртүрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары,
олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз
тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы
синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да əр түрлі ыңғайда
қарастырылады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді.
Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде əр алуан
лексикалық жəне синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-
қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем
құраудың материалы деп білеміз.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық топтағы сөздердің
мағыналық жəне грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен
сөздер тобының сапасы əр уақытта бір түрлі болмайды, əр алуан болады. Мысалы, екі,
кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ қайың, боз
торғай кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөз тіркесін синтаксистік тізбек
жасалады (қарлы тау, желсіз түн, жыфл сайын көріну, саған бола келу).
Лексикалық жəне басқа түйдекті тіркестер “сөз тіркесі” деген категорияға
жатпайды. Лексика-грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса
бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өзара
тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынандай
белгілеріне қарау керек: 1)Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз
болады; 2)Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық жəне синтаксистік
байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысалы.
3)Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста
жұмсалады.
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса
байланысуы нəтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика-грамматикалық
дербестігі бар сөздерденбасыңқы-бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің
бұрынғы мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды;мүшелік
қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық мағына пайда болады. Мысалы,
кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік сапаны білдіруі – оның лексикалық
мағынасы, оның сын есім екендігі – грамматикалық мағынасы. Өріс сөзінің
лекстикалық мағынасы – мал жайылымын білдіруі, грамматкалық мағынасы – зат есім
екендігі. Осы сын есім мен зат есімнің тіркесуі нəтижесінде жаңа грамматикалық
мағына пайда болған. Ол –анықтауыштық. Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты
Достарыңызбен бөлісу: |