үрейін ұшырып, есінен тандырды. Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардағы жеке сөздердің тіке мағынасына сəйкес ұғымда
жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше мағынада жұмсалған: үрейін ұшыру – қатты
қорқыту; есінен тандыру- есін шығару. Бұлардың бір сөзін мол мағынасында, сол
тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды (болса, үрейім
қалмады, зəрем ұшты (қатты қорықтым), есінен шығып кетті.(ұмытып кеттім) сияқты
өте аз кездеседі). Бұл жағынан ол тіркестерді құс ұшты, балапан ұшты, қарға ұшты,
самолет ұшты; үйден шықты, кеңседен шықты, есіктен шықты деген сөз тіркестерімен
тең қоюға болмайды; алдыңғылар тұрақты тіркестер де, соңғылар – еркін тіркестер.
Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер де сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі
болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар
сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады;
Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті.