Қолындағы кітапты ашып,
Оқып біраз тыңдатты.
б) ғы-гі, қы-кі жалғанған мезгілдік анықтауышы бар зат есімдер де жалғаулы тура
толықтауыш болады: Олар ешкі тамақты ішіп əңгімеге кірісті.
Бұл айтылғандар-тура толықтауыштар мен оны керек ететін сабақты естістің
ортасында басқа сөз болмай, ол ееуі атар айтылатын сөйлемдерге тəн ережелер.
Жанама толықтауыштар. Табыс септігіндегі тура толықтауыштардан басқа
барыс, шығыс, көмектес жəне жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама
толықтауыш деп аталады. Олай аталуы –оның сөйлемдегі баска сөздерге қатысы
қалай болатынымен байланысты: жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай,
сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде сабақты жəне
салт етістіктермен алшақ байланста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды.
Субъектінің кимыл процесін, күйін білдіретін етістіктер (кейде есімдер) жанама
толықтауыштарды меңгеріп, оның тиісті жалғауда тұруын керек етеді: Шолпанның жүрегіне түскен жара мəңгі жазылмайтын жара болғаны ма? Осындай жанама толыктауыштардың жеке сөзге не бірнеше сөзге бағынуына
қарай, олардың меңгерілуін екіге бөлуге болады: а) дара меңгеру; ə) ортақ меңгеру.
Жанама толықтауыштар көбінесе етістікке, етістікті сөз тіркесіне катысты
болатындықтан, ал етістіктердің сөйлемдегі басты қызметі баяндауыш
болатындықтан, олар, негізінде, баяндауышты толықтайды. Сонымен қатар, олар
сөйлемде етістіктен болған басқа мүшелерді де толықтайды. Жанама толықтауыш
қызметінде жұмсалатын сөздер- зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын
есімдіктер: Жанат Жантаспен ұзақ əңгімелесті.
Зат есім, есімдіктерден баска сөз таптары да зат есім мағынасында жұмсалса,
жанама толықтауыш қызметінде айтыла береді. Жаманға жуан жуымас. Білгенге маржан.