Сан есімдер аныктауыштық қызметте, бір жағынан, заттың есептік, реттік,
мөлшерлік,т.б. санын білдіруі, екінші жағынан мезгілдік, салмақтық, көлемдік
ұғымыын өлшеуші болуы оның кандай затқа қатысты екендігіне байланысты: үш бала,
он бес қой, алтыншы бригада.
Анықталатын зат белгілі болып, оны басқа заттан айыра тану керек болғанда,
оның алыстығын не жақындыгын білдіру керек болғанда сілтеу есімдіктерін
анықтауыш қызметінде жұмсаймыз:
Қасқырдың бұл қылығын мазақтап күле-күле екі ішкі Жартыбайға қайтып келді.
Сіңлім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар.
Достарыңызбен бөлісу: