Мақсат пысықтауыш. Іс əрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетін,
болатынын білдіретін пысықтауыш мақсат пысықтауыш болады. Мақсат
пысықтауыштар кім үшін? не үшін? неге? қандай? қандай мақсат пепен? Деген
сұрақтарға жауап береді. Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулер өте аз,
олар мыналар: əдейі, жорта, қасақана, бекер, басқа, əшейін.
Мақсат пысықтауыштық мағынасы айқын сөздер –зат есім, жəне көмекші
сөздермен тіркескен басқа есімдер. Олар төменде көрсетілген тұлғаларда жəне
тіркестерде мақса пысықтауыш болады. У қосымшалы қимыл есімдер барыс
жалғауында кел, кет, шақыр, бер сияқты етістік баяндауыштарға қатысты болғанда,
олар мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
3.
Зат есімдер мен –ғалы-гелі, қалы-келі, тұлғалы етістіктер тіркесіп, кейде
күрделі мақсат пысықтауыштық қызметте жұмсалады. Бала кітап алғалы келіпті.
4.
Қалау, буйрық рай формалы етістіктерден кейін көмекші деп етістігі
айтылып, кейде көсемше тұлғалы етістіктің бір өзі мақсат пысықтауыш қызметінде
жұмсалады. Алматыға оқып білім алайық деп келдік.
5.
Барыс жалғаулы есімге бала етістігі көмекші болып та мақсат
пысықтауыш жасалады.
6.
–ма+с (ме+с) тұлғалы есімше барыс жалғаулы жалғаныта мақсат
пысықтауыш жасалады.