омардың қажылыққа келгендерге
олардың әкімдері туралы айтқандары
Ата (р.а.) айтады: «Омар (р.а.) өзінің тағайындаған
әкімдеріне қажылық маусымында өзіне келуді
бұйыратын және халық жиналған кезде, халыққа бы-
лай дейтін: «Уа, халайық! Мен әкімдерді сендерді
қорласын, мал-мүліктеріңді талан-таражға салсын,
намыстарыңды таптасын деп жіберген жоқпын. Олар-
ды бірлік пен тәртіп орнатуға, олжаларды әділ бөліске
салу үшін жібердім. Бұған қайшы әрекет жасаған әкім
бар болса, айтыңдар!»
Бір жылы Омар халықты жинап, олардан
әкімдеріне өкпе-реніштерінің бар-жоқтығын сұрайды.
Сонда біреу: «Ей, мүміндердің әмірі, сен тағайындаған
пәленше деген әкімің маған қамшымен жүз дүре соқты»,
– дейді. Үстінен шағым айтылған әкімге Омар: «Оны
неге ұрдың?» – деп кейиді. Жәбір көрген адамға: «Тұр
да, ақыңды ал», – дейді. Омар осылай бұйырғаннан
кейін, Амр ибн Ас тұрып: «Ей, мүміндердің әміршісі,
егер бұған жол беретін болсаң, арыз-шағымның ас-
тында қаласың. Бұл сенен кейінгілерге үлгі болып,
әдетке айналады», – дейді. Омар: «Аллаһ расулының
өзі біреудің ақысын адал ету үшін өзін аямағанын көре
тұра, қалайша бұған көз жұма қарайын?» – дейді. Амр:
«Олай болса, ол адамды бізге бер, біз оның тілегін
қанағаттандырамыз», – дейді. Омар: «Мұныңа келісу-
ге болады», – дейді. Сөйтіп, олар әр дүре үшін ақша
беріп, екі жүз динармен шағымданушының ризалығын
алды
461
.
461
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/872 (36007)
442
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |