халифа омардың өз ұлы Абдуррахманды
жазаға тартуы
Ибн Омар (р.а.) айтады: «Омардың халифалығы
кезінде - Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа
деген атпен танылған Уқба ибн Харис Мысырда бір
күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі
Амр ибн Астың алдына барып: «Діннің үкімі бойынша
бізді жазалап, күнәмізді жуып-шаюға әмір бер, өйткені
біз ішімдік ішіп, мас болдық», – дейді. Бауырым Абдур-
рахман мас болғанша ішімдік ішкенін маған да айтқан
болатын. Мен оған шариғаттың жазасын қолданып,
күнәсінен арылтуды ойладым. Алайда, олардың Амр
ибн Асқа барғанын білмеген едім. Кейін олар Амр ибн
Асқа жолыққандарын айтты. Оған: «Шашыңды ел-
жұрттың көзінше алдырма, үйге кір», – дедім. Өйткені,
шариғат жазасы қолданылар алдында күнәһардың
шашы да тықырлап алынатын. Мен өз қолыммен
бауырымның шашын алдым. Сосын Амр ибн Ас оларға
шариғат жазасын қолданды.
Біраз уақыт өткеннен кейін Омар болған жай-
ды естіп-біліп, Амр ибн Асқа «Абдуррахманды жүк
артылған түйеге мінгізіп, маған аттандыр» деп хабар
жібереді. Ақыры не керек, Халифа да Абдуррахманды
шариғат негізінде жазалайды. Содан соң оны Мысырға
жібереді. Бауырым осыдан соң, бір айдай тың жүрген
еді. Алайда, кенеттен ана дүниеге аттанады. Халық
оны Омар қолданған жазадан қайтыс болды деп ойла-
ды, алайда бұл шындыққа жанаспайды. Ол өз ажалы-
мен жан тапсырды. Ең бастысы, мен оның күнәсін ана
дүниеге арқалап кетпегеніне іштей қуандым»
459
.
459
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/874 (36014)
440
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |