Амр ибн Астың ұлы мен мысырлық
тұрғын арасындағы оқиға
Әнәс (р.а.) айтады: «Бірде Мысырдың бір
тұрғыны Омарға (р.а.): «Уа, мүміндердің әміршісі, мен
зұлымдықтан қашып, сені паналауға келдім», – дейді.
Омар: «Сен өзіңе қорған болатын адамды дәл таптың»,
– дейді. Бейтаныс жігіт: «Амр ибн Астың ұлы екеуміз
жарысқан едік. Мен одан озып кеттім. Алайда, Амр
ибн Астың ұлы «Мен текті әулеттің текті ұлымын» деп
мені сабады», – дейді. Омар дереу Амр ибн Асқа ба-
ласын өзімен бірге ертіп, Мәдинаға келуді бұйырып,
хат жазады. Айтқан уақытта Амр мен ұлы Халифаның
қабылдауына кіреді. Омар мысырлық тұрғынға:
«Қолыңа шыбықты ал, сені қалай сабаса, сен де солай
саба», – дейді. Мысырлық Халифаның әмірін екі етпей-
ді. Омар: «Оның әке-шешесі басқалардан ешқандай да
артық емес, баласын аяма», – дейді. Аллаһқа ант етемін,
мысырлық жігіт Амрдың ұлын айызы қанғанша саба-
ды, шынын айту керек, бұған біздің қыбымыз қанды.
Біз оған: «Жетер», – дегенімізге дейін тоқтамады. Со-
сын Омар (р.а.) мысырлыққа: «Амрдан да ақыңды ал»,
– дейді. Мысырлық: «Мені әкесі емес, баласы ұрды.
Мен баласынан ақымды алдым. Осы жеткілікті», – деді.
Халифа Амрға: «Аналарынан азат боп туған адамдарды
сендердің құлға айналдыруға қандай хақыларың бар?»
– деп шүйлігеді. Амр ибн Ас (р.а.): «Уа, мүміндердің
әміршісі, бұдан менің хабарым жоқ, ол маған келіп
айтқан жоқ», – дейді»
462
.
462
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 12/873 (36010)
443
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Достарыңызбен бөлісу: |