Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Фируз әд-дәйләми мен Құрайыштық



Pdf көрінісі
бет304/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Фируз әд-дәйләми мен Құрайыштық 

жігіттің арасында болған оқиға

Хармауи айтады: «Омар (р.а.) Фируз әд-Дәйләмиге 

былай деп хат жазады: Естуім бойынша, бал мен ақ нан 

сені Аллаһ жолында соғысудан айнытыпты. Осы хат-

ты алғаннан кейін, Мәдинаға кел. Аллаһтың жолында 

жиһадқа шық».

Фируз  хат  қолына  тиісімен,  Мәдинаға  жолға 

шығады. Омардың (р.а.) алдына кіруге рұқсат сұрайды. 

Рұқсат  алып,  кірмек  болғанда,  Құрайыштық  бір  жігіт 

баса-көктеп,  одан  бұрын  ішке  өтуге  талпынады.  Фи-

руз  бұған  жол  бергісі  келмей,  оның  бет-жүзінен 

жұдырығымен  салып  қалады.  Жігіт  мұрны  қанаған 

күйі Омардың алдына кіреді. Омар: «Мұны кім істеді?» 

– деп сұрайды. Жігіт: «Фируздың әрекеті», – деп жа-

уап  береді.  Фируз  ішке  өтпей,  есік  сыртында  тұрған 

465


 Бәйхақи, Сүнән 8/50 (15806)


446

Сахабалар салған сара жол

болатын. Омар оны алдында шақыртып алады да: «Фи-

руз, бұл не жағдай?» – деп сұрайды. «Ей, мүміндердің 

әміршісі!  Біз  күні  кешеге  дейін  билікте  болып,  елдің 

құрметіне бөленген адам емес пе едік? Біріншіден, сен 

бұл жігітке емес, маған хат жазған болатынсың. Екін-

шіден, ішке кіру үшін оған емес, маған рұқсат берген 

болатынсың. Ал ол кимелеп, менен бұрын кіріп алды. 

Сондықтан да, оның мұрнын бұздым», – дейді. Омар: 

«Онда  саған  да  дәл  солай  қысас  жасалады»,  –  дейді. 

Фируз:  «Міндетті  түрде  ме?»  –  деп  сұрайды.  Омар: 

«Міндетті  түрде»,  –  дейді.  Сөйтіп,  Фируз  тізе  бүгеді. 

Жігіт есесін қайтаруға ұмтылмақ болғанда, Омар: «Ей, 

жігітім,  тұра  тұр.  Алдымен  саған  Аллаһ  расулынан 

естіген бір хадисті айтайын. Бірде Расулаллаһ: «Жалған 

пайғамбарлығын  жариялаған  Әсуәд  әл-Анси  бүгін 

түнде өлтірілді. Оның көзін Аллаһтың адал құлы Фируз 

әд-Дәйләми құртты», – деген болатын. Пайғамбарымыз 

Фирузды осылай қадірлегенін біле тұра, қысас жасағың 

келе ме?» – деп сынай қарайды. Жігіт тосылып қалады. 

Сәлден соң: «Оны кешірдім, олай болса», – дейді. Фи-

руз:  «Уа,  мүміндердің  әміршісі  кінә  менен.  Күнәмді 

мойындаймын.  Бұл  жігіт  мені  ешкімнің  күштеуінсіз-

ақ кешірді», – дейді. Сөйтті де Фируз: «Онда өзің куә 

бол. Қылышымды, атымды және дүниемнен отыз мың 

дирхам ақшамды соған сыйладым», – дейді. Омар: «Ей, 

Құрайыштық бауырым! Сен оны Аллаһтан сауап күтіп 

кешірген едің алайда, Аллаһ бұған қосып дүние-мүлкін 

де қоса берді», – дейді

466


466


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/537 (37474)


447

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет