Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


хазірет османның әділдігі



Pdf көрінісі
бет312/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

хазірет османның әділдігі

Осман мен құлы арасында болған оқиға

Әбул-Фурат айтады: «Османның (р.а.) бір құлы бар 

болатын. Бір күні мүміндердің әміршісі Осман құлына: 

«Баяғыда  сенің  құлағыңнан  тартқан  едім,  қане  енді 

менің құлағымнан сен де тарт», – дейді. Құлы Осман-

нан кеткен есесін қайтаруға кіріседі. Осман: «Қаттырақ 

бұра. Бұл дүниеде ақыңды кешсең, арғы дүниеде оның 

есебі сұралмайды», – дейді»

474

.

 Османның көгершінге қатысты әділ үкімі



Нафи ибн Абдулхарис айтады: «Омар (р.а.) бірде 

Меккеге келіп, жұма күні Дарун-Нәдуаға кіреді. Одан 

шығып, Харам мешітіне барып, жұма намазын оқуды 

473


 Бәйхақи, Сүнән 10/88 (19953)

474


 Мұхаммед Рыза, Осман ибн Афуан 1/37


452

Сахабалар салған сара жол

қалайды. Желбегейін шешіп, сол жердегі бағаналардың 

біріне  іледі.  Сол  кезде  қайдан  ұшып  келгені  белгісіз 

бір  кептер  оның  желбегейіне  қонады.  Омар  ласта-

масын  деп  көгершінді  үркітіп,  ұшырып  жібереді.  Ол 

басқа жерге барып қонады. Алайда, көгершінді қонған 

жерінен  жылан  шағып  өлтіреді.  Омар  жұма  намазын 

өзі имам болып оқытады. Осман екеуміз оның қасына 

барғанымызда «Бүгінгі әрекетіме не дейсіңдер?» – деп, 

болған  жайтты  баяндады.  Аз-кем  кідіріп:  «Негізінде, 

құс  қауіпсіз  жерге  қонған  болатын.  Мен  оны  үркітіп, 

ажалына себепші болдым», – деді. Мен сөзге араласып 

Османға  (р.а.):  «Мүміндер  әміршісінің  үш  жасар  ақ 

ешкіні  құрбандыққа  шалып,  өзінің  абайсызда  жіберіп 

алған  ағаттығын  жуып-шаюына  қалай  қарайсың?»  – 

дедім. Осман: «Мен сенің ойыңа қосыламын», – деді. 

Омар біздің айтқанымызды орындады

475






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет