Омардың әлдебір мұсылман мен яһуди
арасындағы дауды яһудидің пайдасына
шешіп беруі
Саид ибн Мүсәйяб айтады: «Мұсылман кісі мен
яһуди Омарға бірінің үстінен бірі шағым айтып ба-
рады. Омар яһудидікі дұрыс деп тауып, дауды соның
пайдасына шешеді. Яһуди «Уаллаһи, сен әділ үкім
шығардың», – дейді. Омар: «Оны қайдан білесің?» –
деп сұрайды. Яһуди: «Уаллаһи, біз Тәураттан мыналар-
ды оқыдық: қазы әділ үкім шығарған кезде оны оң және
сол жағындағы екі періште мақұлдайды. Қазы ақиқат
пен әділдікті қолдағанда, періштелер оны жетістікке
жеткізеді. Қазы әділдіктен тайса, періштелер одан теріс
айналып, оны жалғыз қалдырады»
473
.
Достарыңызбен бөлісу: |