453
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
«Алидің алдына жағдайын айтып, екі әйел ба-
рады, оның бірі – араб, екіншісі – соның азат күңі
(қызметшісі) еді. Али ол екеуіне екі бөлек алпыс
өлшем бидайдан және қырық дирхамнан ақша беруді
бұйырады. Қызметшісі өзіне берілгенін алып жөніне
кеткеннен кейін екіншісі: «Ей, мүміндердің әміршісі,
маған қызметшіме бергендей ғана бересің бе? Мен
араб әйелімін, ал ол – менің қызметшім», – дейді. Али
(р.а.) оған: «Мен Аллаһтың кітабы Құранды зерттедім,
алайда Исмаил пайғамбардың тегінен шыққандардың
Ысхақ пайғамбардың әулетінен тарағандардан жоғары
тұратыны туралы үкімді кездестірмедім» (Аллаһтың
алдында араб пен араб емес екеуі де тең), – деп жауап
береді
477
.
Достарыңызбен бөлісу: