150
151
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым
бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап жəне жұмысты жақсы
істеуге тырысады.
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің
дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушының бірегей
мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы
оқушының өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-əрекеттерге (спорт,
музыка, пəн үйірмелері, жас техниктер жəне жас натуралистер
үйірмелері, өнімді еңбек т.б.) арналады.
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде
азайту керек. Ол үшін шəкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде
игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс.
Тірек идеясы. Əдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп
(күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге
Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп
мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды
қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар
балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып
келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту жəне қосымша сабақ
өткізу мəселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл
алмады.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас
педагогикалық үдерісте тиімді пайдаланудың əдістемелік тəсілдерін
қарастыру қажет. Жаңа идеялар мектепті демократияландыру жəне
ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының
мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден
қоғамның жəне тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай
бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті жəне
қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп – бұл
мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның жəне тұлғаның білім жайындағы
түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру – бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық
үдерістің барлық дəрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс.
Сондықтан тұлғаны тəрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының
негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру – бұл мектептің баланы
өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол əрбір жас сатысында
- балалық шақта, жеткіншектік шақта жəне жасөспірімдік шақта
баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: