180
181
оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен
анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;
оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету;
Проблемалық сабақ ұйымдастыру төмендегідей тұжырымдар
жасауға мүмкіндік берді:
проблемалы оқыту сабақтары дəстүрлі аралас сабақтармен
салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден,
сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;
белгілі бір пəнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пəн
бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды негізгі жəне қосалқы
материалдарды бөліп алу қажет;
қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы
негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру
қажет;
негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды
ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дəстүрлі
аралас сабақтармен өткізу пəн тақырыптарын үйлесімді игерудің ең
тиімді жолы екендігі анықталады.
Оқушылардың əр түрлі есептерін шығару, қойылған мəселелерді
шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей
білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық
оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дəрежеде өз бетімен
жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар
талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын
ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге
үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі
мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл
педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр.
Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да
бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп
қоймай, пəндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз
етуі керек.
Көптеген педагогтар жəне психологтардың сараптамасы
бойынша əр түрдегі жаттығулардың тиімділігі, олардың нұсқалық
сипатта болуында. Нұсқалық жаттығулар оқушылардың ой-өрісін
дамытып ғана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік,
дағдыны қалыптастырады.
Ең тиімді тəсіл – жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір
немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында
өткізу. Оқушы өз бетімен немесе оқытушы басшылығымен сол
немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағды-
ланады, əрі оны нақтылау жеңілдірек болады.
Əртүрлі дəрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру
оқушылардың ақыл-ой іс-əрекеттерінің деңгейіне байланысты.
Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы
түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар əдісін
пайдаланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай
алмаса, онда əңгімелесу элементтері бар жаттығулар əдісін
қолданған пайдалы. Ал материал ұсынуға күрделі болса онда
түсіндіру əдісін жаттығулар əдісімен байланыстыра қолдану керек.
Ең бастысы, кез келген əдіс-тəсілді таңдағанда оқушыларға оның
қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн. Бірақ түсінікті меңгертуде,
білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау
операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек.
Қорыта келгенде,
проблемалы тапсырмалар сабақтағы
қорытындылардың қандай жəне қалай пайда болғандығын дəлел-
дейді жəне логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды.
Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ əсер етеді де, оқушының
қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын дамытады.
Құмартушылық, қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге
жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық
тапсырма нəтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы
мен қабілетінің, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған сатысы
деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: