184
185
береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл
жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай
сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен –
одан төменірегі жəне сол сияқты).
Көрнекілік құралдарды қолданудың əр түрлілігі, тірек сигнал-
дары мазмұнының абстрактылы жəне нақтылы компоненттерінің
ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы –
Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
В.
Ф.
Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы.
В.Ф.Шаталов тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі
оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп,
мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге
бөліп көрсетті.
І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,
ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,
ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының
кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына
желімдеп,
IV кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен
үйде жұмыс істейді,
V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп,
дəптертеріне жазып,
VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша
жауаптар береді.
Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды.
Шаталов тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-
бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп
оқыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған
ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі
қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілендіру, ерікті оқыту;
- əр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге,
табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін
ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы
– мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу
жұмысының жеке дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды
орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, əр түрлі танымдық
тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нəтижесінде
оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі
орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық,
ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа
материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып
үйрену, бекіту, қайталап пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады.
Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Ендеше осы
бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс
істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа
ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап
шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта
білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап
топтауды, оларды талдаудың жалпы тəсілін бөлуді, олармен жұмыс
жасауды жеңілдетеді.
В. Ф. Шаталовтың оқыту əдістемесі, негізінен, жеті
психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың
əрқайсысының мазмұның ашайық.
Достарыңызбен бөлісу: