Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Нысаналы оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет123/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

12.2. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге 
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде 
түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дəстүрлі 
оқыту  формасынан  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  формасындағы 
сапалы  оқыту  жүйесіне  өзгерді.  Оқыту  барысы  зерттеп  үйрену  іс-
əрекетін басты форма етіп отыр.
  Іс-əрекет  барысында  өзін-өзі  басқару  мен  өзара  əсерлесіп 
үйренуді  іске  асыру  ерекшелігіне  ие  болды.  Мұғалім  оқыту 
мақсатына  жету  үшін  оқулықты  жете  түсіну  негізінде  оқыту  іс-
əрекетін  мұқият  жоспарлауға  көшті  жəне  оқушыларды  зерттеп 
үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі əдістерін қолдануда.
Бірақ,  барлық  мұғалімде  ортақ  оқыту  технологиясы 
болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын 
емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны 
сөзсіз.
Сондықтан  қазіргі  сыныптық  оқытуға  үйлесетін,  оқушыларды 
зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы  оқыту  технологиясы  бүгінгі  күнде  дүниежүзі 
бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған 
технологиялардың бірі.
Қазірде  бұны  АҚШ,  Жапон,  Қытай  сынды  көптеген  дамыған 
елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы 
оқыту технологиясы АҚШ педагог жəне психолог Блумның «Тəлім-
тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы 
негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын 
нысаналандыру,  жүйелендіру,  ғылымиландыру  жəне  оны  игерудің 
əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты 
көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы  оқытуды  теориялық  жақтан  түсіну  үшін  Блумның 
«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу» 
теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет