Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір формасы Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты.
Оқыту үдерісінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды.
Келесі кезең жеке-топтық оқыту əдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына
қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды.
Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту əдіс қолданылып, ол
қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-
сабақтық жүйенің авторы ретінде Я.А.Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары
мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бəріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып
жəне бəріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.