Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет138/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

А.  Г.  Ривин  əртүрлі  жағдайларда  қолданылатын  оқытудың 
ұжымдық тəсілінің бірнеше əдістемесін атап көрсетті:
- кез  келген оқу пəні бойынша мəтіндік материалды оқу;
- мəтінді өзара алмасу;
- тапсырмаларды өзара алмасу;
- оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару;
- өзара диктанттар жазу
- жұптасқан түрде өлең, тақпақтар жаттау;
- жұптасқан түрде жаттығуларды орындау;
- сауалнама бойынша жұмыс;
- шет тілін оқу.
Бастауыш мектепте ұжымдық оқытуды ұйымдастыру. 
1.  Бастауыш  мектептің  кез  келген  пəнінде  оқулық  бойынша 
мəтіндік оқу материалын оқыту жоспарланады. Ол үшін берілген оқу 
материалы  бірнеше  бөлікке  бөлінеді.  Бастауыш  сыныптарда  мəтін 
көлемі аз болуы керек. Əр оқушы өз бетінше жеке жұмыс істейді.
2.  Бір  партада  отырған  екі  оқушы  бірігіп  мəтіннің  бірінші 
бөлігін  оқуға  кіріседі.  Біреуі  мəтінді  ақырын  дауыспен  оқыса, 
екіншісі  мəтіннің  дұрыс  оқылуын  қадағалап  отырады.  Содан  соң 
екеуі бірігіп мəтіннің мазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын 
айтып,  екіншісі  толықтырып  отырады.  Сонымен  қатар  басқа  оқу 
материалдарынан  да  үзінділер  келтіруге  болады.  Бастауыш  сынып 
оқушылары мəтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарын құрады. 
Жоспар құру барысында талас туындап, мəтін жан-жақты талданып, 
оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады. Содан соң 
бастауыш сынып оқушылары мəтіннің бөлігіне қойылған атын жəне 
қарастырылған жоспарды дəптерлеріне жазып, тарасады. Мəтіннің 
екінші  бөлігін  талдау  үшін  əрқайсысы  өзіне  жаңа  жұп  таңдайды. 
Егер мұғалім өзінің оқушыларының қабілетін жақсы білетін болса, 
онда кіммен бірігіп жұмыс істеуге болатынын айта алады. Бірақ бұл 
міндетті емес. 


236
237
3.  Жаңа  жұптарда  оқушылар  бірінші  бөлімнің  қысқаша 
мазмұнын  қайталайды.  Олар  жоспарды  салыстырып,  өзгертіп, 
түзетеді.  Біреуі  бірінші  бөлімнің  мазмұнын  айтса,  екіншісі  ай-
тып  отырған  баланың  дəптеріне  қарап,  қажет  кезінде  түзетіп, 
толықтырады.  Содан  соң  олар  бірінші  жолғыдай  мəтіннің  екінші 
бөлімін талдайды. Осылайша мəтін аяқталғанша жұптарын ауысты-
ра отырып, жұмыс істейді. 
4. Мəтінді талдау барысында ақырғы жұптың жұмысы маңызды. 
Мəтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімге 
жұмысты  аяқтағаны  жөнінде  айтады.  Осылайша  оқушы  оқылған 
тақырып бойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын. 
5.  Мəтіннің  барлық  бөлімін  талдаған  оқушылар 4-6 адамнан 
кіші  топтар  құрайды.  Олар  өздеріне  жүргізушілер  тағайындайды. 
Жүргізуші  өзіне  жəне  əр  оқушыға  материалды  айтып  шығу  үшін 
сөз береді. Топ əр  оқушыға баға қояды. Жүргізуші баға қойылған 
қағазды  мұғалімге  береді.  Мұғалім  өз  кезегінде 2-3 оқушының 
білімін  тексеруі  мүмкін.  Оқушылар  өз  жолдастарының  білімін 
дұрыс  бағалайтындықтан  мұғалімнің  бағасымен  тура  келіп  отыра-
ды. Барлық бағалар сынып журналына қойылады. 
Тапсырмалармен  өзара  алмасу,  бірыңғай  тапсырмаларды 
орындау бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын 
игеруде таптырмайтын əдіс. 
Бастауыш 
сынып 
мұғалімі 
математика 
сабақтарында 
оқушыларға  бір  жолмен  шығарылатын  бірыңғай  тапсырмаларды 
береді.  Осындай  тапсырмалардың  бірнеше  жұбы  карточкаларға 
жазылып, нөмірленеді.  
Мысалы, 4-сынып  оқушысы    Асқаров  бірінші  тапсырманың 
барлығын  шығарса,  Асанов  екінші  тапсырмалардың  жауаптарын 
біледі. Осындай болған жағдайда жұптаса жұмыс істей отырып, олар 
тапсырмаларымен  алмасады.  Бұл  алмасу  былайша  жүзеге  асады: 
Асқаров  Асановтың  бірінші  тапсырмадағы  теңдеуін  қайта  шешу 
арқылы  үйренеді.  Осылайша  ол  Асановтың  барлық  сұрақтарына 
жауап беріп, теңдеудің шығару жолын түсіндіреді. Теңдеудің шешуі 
немесе  қажетті  жазуларды  ол  Асановтың  дəптеріне  жаза  алады. 
Тура  осындай  жолмен  Асқаров  екінші  тапсырмадағы  теңдеулерді 
шешу  жолын  Асановқа  үйретеді.  Бұдан  соң  тапсырмадағы  екінші 
теңдеулерді  өз  беттерінше  шығарады  да,  дұрыстығын  тексереді. 
Осылайша олардың жұптасып жұмыс істеуі аяқталып, олар өздеріне 
басқа серік іздейді. 
Əрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындап, ауыспалы жұптардан 
басқа тапсырмаларды шешуді үйреніп, басқаларды үйретуге дайын 
болған  кезде  ұжымдық  оқыту  түрі  енгізілді  деп  есептеледі.  Егер 
қандай  да  бір  тапсырманы  орындай  алмаған  жағдайда  мұғалім 
түсіндіру  жұмысын  жүргізеді.  Тапсырмаларды  орындау  кезінде 
білім-білік  дағдыларын  оқушының  игергенін  мұғалім  белгілеп 
отырады.  Əр  оқушының  аты-жөнінің    қарсысында  тапсырманың 
нөмірлері жазылған графаға нүкте қойылады. Бұл нүкте оқушы осы 
тапсырма бойынша тапсырманың орындалу жолын түсіндіре алады 
деген  сөз.  Жұптық  жұмыс  аяқталған  кезде  нүктенің  орнына «+» 
таңбасы  қойылады.  Əр  оқушы  əртүрлі  оқушымен  берілген  барлық 
тапсырманы орындап шығады.
Ең  алдымен 5-7 оқушыдан  тұратын  бірнеше  топтар 
ұйымдастырылады.  Бұл  топтар  карточкадағы  тапсырмалар 
бойынша  жұмыс  істейді.  Біраз  уақыттан  кейін  əр  топтан  барлық 
тапсырмаларды игереген оқушылар бөлініп шығады. Олардан басқа 
карточкалардағы  тапсырмаларды  орындайтын  жаңа  шағын  топтар 
пайда  болады.  Оқушылардың  іс-əрекетін  бақылайтын  карта  жеке, 
топтық немесе сыныптық болуы мүмкін. Тапсырма алған оқушының  
карточкадағы  аты-жөнінің  тұсына  нүкте,  тапсырманы  орындап 
болған соң баға қойылады.  
Бұл  технологияны  тəжірибеде  іске  асыру  бастауыш  сынып 
оқушыларының  тақырыпты  оқыту  циклін  өтуге  қажетті  уақыт 
бойынша  «дамуының»  мақсаттылығын  көрсетеді.  Оқыту  циклі 
түрінде  бастауыш  сынып  мұғалімі    мен  оқушылардың  іс-əрекет-
терінің  жиынтығы  түсіндіріледі,  бұл  оқушының  алдын  ала 
көрсеткіштері  берілген  мазмұнды  белгілі  бір  бөлігін  меңгеруге 
əкеледі.
Қорыта  келе,  бастауыш  сынып  оқушыларының  үлгерімі,  білім 
сапасының жоғары болуы, ең алдымен бастауыш сынып мұғалімінің 
өз  міндетіне,  қатынасына,  көзқарасына,  шеберлігіне  байланысты. 
Бала  мектеп  табалдырығын  оқып-үйренуге  деген  үлкен  ынтамен, 
ықыласпен  аттайды.  Оларды  қабілетті  жəне  қабілетсіз  деп  бөлуге 
болмайды.  Ал  мұғалім  өз  міндетін  тек  оқыту,  түсіндіру  деп  емес, 
ең  алдымен,  оқушылардың  оқу  еңбегін  танымдық  оқу  іс-əрекетін 
сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.


238
239
Қандай əдіс-тəсіл болса да, əр оқушыны ойлантуға жетелеумен 
бірге,  оны  ортаға  салуға,  басқалармен  пікір  таластыруға  тиіс.  Өз 
ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет