Топтық оқытудың төрт типі белгіленген: 1. Жұптық оқыту.
2. Бірге отырған топтар.
3. Шағын командалар.
4. Бүкіл сынып үшін тапсырмалар.
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша, оқыту дегеніміз оқушылар
мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі
оқытудың ұйымдастырушылық формасын айқындайды. Қарым-
қатынас түрін жұптық, топтық, ауыспалы жұптық, жазбаша қарым-
қатынас түрі құрайды. Ал оқытудың ұйымдастыру формасына
жұптық (біреуі екіншісін оқытады), топтық (біреуі бір мезгілде
бірнеше адамды оқытады), ұжымдық (əрқайсысы əрқайсысын
оқытады) жəне жекеше формалары жатады. Оқытудың ұжымдық
түрі əр оқушы əрқайсысын оқытқан жағдайда дұрыс деп саналады.
В. К. Дьяченко ұжымдық оқыту тəсілі мен топтық оқыту тəсілдерінің
ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетеді.