270
271
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды
жүргізу;
7. Диагностикалық тест өткізу жəне оқу бірлігін толық
меңгерген оқушыларды айқындау.
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан
бастап ағылшын тілді елдерде дами бастаған. Оның негізгі мəні –
сабақтың жоспары, ақпараттар банкі жəне сабақтың дидактикалық
мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін əдістемелік нұсқаулардан
тұратын жеке оқу бағдарламасын оқушылардың өзіне ұсынып, сол
бойынша оларға өз бетімен жұмыс жасату. Педагогтың қызметі əр
түрлі болған: ақпаратты игеруге көмектесу, кеңес беру, бағыт беріп
оқушының жұмысын ұйымдастыру жəне бақылау.
Модульдік оқыту «модуль» сөзінен шыққан. Модуль – бұл белгілі
бір функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына
жеке бөлігі, бөлшегі. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме
болашақ маманның кəсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға
қажетті əрекеттердің жəне ақпараттың белгілі бір «мөлшері»
(«дозасы») болып табылады. Осы айтылғандарды ескере отырып,
модульге мынадай анықтама беруге болады: «Оқытушы модуль
– бұл оқу пəнінің танымдық жəне кəсіби аспектілерден тұратын
мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол оқушының
берілген модульді толық меңгеруі нəтижесінде қалыптасатын білім,
білік, дағдыларын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы
тиіс».
Модуль:
ақпараттардың аяқталған блогынан;
оқушы іс-əрекеті бағдарламасынан;
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген
мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдер белгілі бір ережелерге сəйкес жасалады, оларға
мыналар жатады:
1) оқытудың мақсаттарын анықтау;
2) қойылған мақсаттарға сəйкес оқу материалының мазмұнын
іріктеу жəне құрылымын жасау;
3) оқу (учение) нəтижесін бағалаудың критерийлерін дайындау;
4) өзін-өзі тексеруге арналған тексеру тапсырмаларын дайындау.
Модульдік
оқыту
кейбір
философиялық,
əлеуметтік,
психологиялық жəне педагогикалық теориялар мен тұжырымдарға
негізделеді. Оларға ізгілендіру, оқуда, іс-əрекетте жетістіктерге
міндетті түрде қол жеткізу, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту идеялары
тəн. Сондай-ақ модульдік оқыту оқу үдерісін ұйымдастырудағы
құрылымдық
нақтылығымен
жəне
жоспарланғандығымен
ерекшеленеді.
Оқу үдерісінде, бір жағынан, оқу мазмұнын жалпыға ортақ
көлемде ұсыну, барлық оқушыға бірдей əдіс-тəсілдер, құралдар
қолдану, уақытты шектеу мəселелері мен екінші жағынан, білім
мазмұнын меңгерудің жеке тəсілдері, оқушылардың əрқайсысының
жеке мүмкіндіктері, қарқындары арасында қарама-қайшылық
туатыны белгілі. Модульдік оқыту кезінде бұл қайшылықтарға жол
берілмейді, «дəстүрлі емес оқыту» принциптеріне негізделген оқыту
мазмұнын таңдау үшін қолайлы жағдай туғызады, əрбір оқушы өзіне
оқу бағдарламасын таңдай алады.
Модульдік оқытуда басты назар оқушының іс-əрекетіне
бағытталады. Модульдердегі оқу материалдарын қандай да бір
деңгейде прагматикалық деп айтуға болады. Оқу материалының
прагматикалығы оның оқушыны ойлауға, оқуға, нұсқаларды таңдай
жəне оларды талдай білу қабілетіне бағытталуынан көрінеді.
Модульдік оқыту теориясы оқу үдерісін оған қатысушы екі жақ-
тың əрқайсысы өзіне тиісті функцияларды атқаратын, яғни мұғалім
– басқарушы, оқушы – өзін-өзі басқарушы болып табылатын оқушы
мен педагогтың мақсатты белсенді əрекет ретінде қарастырады.
Модуль нақты дидактикалық мақсаттарға қол жеткізуге, оқу
материалын игеруге байланысты оқушының өзіндік танымдық іс-
əрекетін қалыптастыруға бағытталған. Оқыту үдерісінің бірлігі
ретінде модуль мынадай функцияларға ие: мақсат қою, ақпарат көзі,
дамыту жəне басқару. Осы функцияларға сəйкес əрбір модульдің
мазмұны бір-бірімен өзара байланысты төрт блоктан тұрады. Бұл
төмендегі кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: