ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio про-
граммасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,
244
245
мультимедиялық проектор жəне ақпараттарды енгізуге арналған
активті қаламнан тұрады.
Активті қалам дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы жəне
компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы
құрылғы.
ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының
ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма
тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard
– интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың
сəулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонымен
бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудито-
рияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға
қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дис-
плейде жазылған жазуларды компьютер арқылы тақтадан көруге
мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал
проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК
басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін
құрылғыға жатады.
ACTIVslate. Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы
топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді
қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация
кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель
аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады.
ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан
тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet. ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның
қызметін атқара алады, презентация мен конференция материал-
дарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard
көмегенсіз)
компьютерде
дайындауға
мүмкіндік
бетерін
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады,
бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote. ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық
қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың
нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу əдісімен
жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат
ACTIVboard қабылдайды жəне де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест
жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене
чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында
флипчартта мəтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары
кітапханада сақталады да, тестің нəтижесі кесте немесе диаграмма
түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нəтижесін EXСEL
немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы. ACTIVstudio PE программасы
арнайы презентацияларды өткізуге жəне оны сабақ барысында
қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard жəне
ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio
программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презента-
цияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға,
негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге жəне басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын
негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға жəне
оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше
флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,
объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте
келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе əр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім үдерісінде қолданылатын
ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға
тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті
экран»
бағдарламалық-техникалық
кешенінің
дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі
қызметі – жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында
қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау жəне
ойын қысқа жəне түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып,
өз ойларын қазіргі заманғы педагогикалық технология құралдары
көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете
алатыны белгілі болды.
246
247
Бағдарламалық-техникалық
кешеннің
құрамына
кіретін
интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты жəне
динамикалық
түрде
мультимедиялық
құралдар
көмегімен
оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік
беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио,
бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне Интернет ресурстарын
қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-
ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау
тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне
т.б. əрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық
бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі:
- Пəн бойынша базалық білімді меңгеру;
- Алған білімді жүйелеу;
- Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде
əдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың
ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске
қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін
əдіс деп қарауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі естігенінің 5 % жəне
көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио- жəне видеоақпаратты
бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ
мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты əрі
жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу
мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік-
бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім
– оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды
жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы
жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы
бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық
дифференциалды болуы тиіс. Себебі, əрбір пəн мұғалімдері үшін
компьютерді оқыту үдерісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі
таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру
үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор
екені байқалады. Оларға:
- бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейін, ынтасын
жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды
меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту үдерісіне
интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
- оқытудың жаңа əдістері мен формаларын (проблемалық,
ұйымдастырушылық іс-əрекетін компьютерлік ойындар жəне т.б.)
сабақта жиі қолдану;
- проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін
қолдану арқылы классикалық əдістерді жетілдіру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті
компьютерлер,
телекоммуникация,
виртуалды
орта
жəне
мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану
арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мəтіндік
ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына
кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер,
графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында
тұрып жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете алады жəне
өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап,
қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен
жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен
сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға
электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала
дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын
бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың
барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру
жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық
материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы
мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды
қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға
шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу
үшін бағыт береді жəне бақылап отырады.
248
249
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен
сабақты қайталай алады. Мұндай əдістеме сабақта екпінді түрде
өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен
оқушының орындаған іс-əрекеттерін есте сақтап келесі сабақта
қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың
барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу
арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын
тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу
материалдары – презентациялар, мəтіндік, графикалық ақпараттық
объектілер – сабақтың жақсы өтуін жəне барлық ақпарат
түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран»
кешенін қолдану арқылы оқыту үдерісінде жаңа дидактикалық
мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар
даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.
Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін
қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне тақырыпқа
қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін
түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде
мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті,
мысалы географиядан, физика, биологиядан жəне т.б. пəндерден
сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны,
физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады жəне сабақ
барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік
бар.
Екінші режим – Offi ce режимі. Бұл режим сабаққа қажетті
дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы.
Сабаққа дайындық жұмыстары Word мəтіндік редакторының, Excel
электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы
болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі
мəтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат əзірлеуге болады. Осы
құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын
немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тап-
сырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жа-
сырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның
Offi ce режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Offi ce-нің барлық
мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған
құжатқа мəтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен
емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім
оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға
шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра
алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы)
жəне дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет,
сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған
компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft
Offi ce құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік
редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен
құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдас-
тыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор жəне Шторка құралдары экранның белгілі бір
кішігірім аумағын көрсетуге арналған.
Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға
арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан
болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға
арналған.
Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп
шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға əзір белгісіз ақпаратты)
жəне материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет
бөлігінде көрсету.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді
ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің
нəтижесі, яғни адам өміріне іс-əрекеттің интеллектуалды түрлерінің
жан-жақты əсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты
объективті үдеріс.
Ол оқыту мазмұны, əдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл үдерістегі негізгі мəселе білім берудің мазмұны мен
мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан
қамтамасыз ету – өндірістік мəселе.
250
251
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі
алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға
бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мəселе
білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат
– оқушының қоршаған əлем жайында табиғи ғылыми болжамын
қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып
саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пəнінің терең білгірі болуы
емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,
саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап
етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп,
оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын шебер
меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға
ретінде ұлағатты саналады.
Компьютермен оқыту – оқушыны субъект дəрежесіне көтеретін,
жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен
білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру əрекеті.
Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту
қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
- талдау-болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникативтік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылау-түзету қызметі;
- психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық
қызметі.
Компьютермен оқыту технологиясында оқушының өз бетімен
білім іздей алатын болуы – көзделетін негізгі нысан ретінде
қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды
сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.
Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманистік
сипатын көрсетеді.
Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең
анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді.
Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі
жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша
қажеті бар»? – деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес.
Осы мəселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар
бастауыш сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын
басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты
пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында
болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мəтінді оқи алмайтын
жағдайға жеткізеді деген негізді бір қауіп білдіреді.
Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы
теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу
үдерісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар.
Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы
салмақты аргументтің бірі – ақпараттық технологияның екпіндеп
дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына
қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына əкеп соқтырады
деп санайды.
Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн:
тек компьютермен қарым-қатынаста болған балалар гуманитарлық
қызмет түрлеріне аса қажет сезімталдық пен мейірбандылықты
жоғалтып алып, дəлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым-
қатынасқа бас ұрулары əбден мүмкін.
Ақпараттық
технологияны
пайдаланудың
жағдайында
оқушылардың білімдерін жетілдірудің мүмкіндігі кең, соның
бірі оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды қолдану болып
табылады.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио
қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай
нəтижелер беруде. Зерттеуіміз көрсеткендей, кез келген сабақта
электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық
оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық,
сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын
үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жəне оқушының
ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Осы принципті басшылыққа ала отырып, Ə. І. Тəжіғұлова
«Кəсіптік білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық
оқулықтарды құрастырудың педагогикалық принциптері» деп
252
253
аталатын кандидаттық диссертациясында мынадай мəселелерді
қарастырған:
кəсіптік
білімді
ақпараттандырудың
қазіргі
жағдайдағы педагогикалық мəселелерінің жағдайын жəне даму
тенденциясын зерттеуді, кəсіптік білімді ақпараттандырудың
жағдайында
электрондық
оқулықтарды
құрастырудың
педагогикалық технологиясын негіздеу, сондай-ақ кəсіптік білімді
ақпараттандырудың жағдайында электрондық оқулықтардың
тиімділігін эксперимент арқылы тексеруді қарастырған.
Оқу үдерісінде соның ішінде, математикадан мəтінді есептерді
шығару
барысында
компьютерлік
технологияларды
жəне
электрондық оқулықтарды пайдалану оқытудың мотивациясын
күшейтіп, оқушылардың сабаққа белсенді жəне қызыға қатысуына
жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған
педагогикалық ақпараттық өнім.
Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі
оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымсн
қатар
электрондық
оқулық
дайындаудың
педагогикалық,
ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сəйксс
келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу əрбір оқушының
өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып-үйрену ісін жеке дара
жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық – оқу пəнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау,
моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша
мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; жəне
оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,
электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
- гипермəтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты
үнемдеуге көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір
жүйеге келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты
электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық
шарттарды ескерген жөн:
- белгілі бір пəнге байланысты дайындалатын электрондық
оқулықтың сол пəннің типтік бағдарламасына сəйкес болуы;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен
тақырыптарға қатысты дəріс мəтінін қамтитын негізгі зертханалық
жəне тəжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша
материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші,
аралық жəне қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест,
материалдарды дайындауда пайдаланылған əдебиеттер тізімдері
бөлімдерін қамтуы;
- электрондық оқулықтың кəдімгі оқулықтар мазмұнын
қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың
нақты, əрі қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен
артық болмау.
Сонымен,
электрондық
оқулықтар
мен
үйретуші
бағдарламалардың негізгі ерекшеліктері – бұл оқушыларға өз
бетімен есеп шығаруға, ізденуге, өз жұмысының нəтижесін көріп,
өз-өзіне сын көзбен қарауына жəне жеткен жетістіктерінен лəззат
алуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың
қазіргі жағдайы. Қазіргі ақпараттық-қатынастық технологиялардың
(АҚТ), мультимедиялық технологиялардың (ММТ) жəне интернеттік
технологиялардың (ИТ) отандық жəне шетелдік педагогикалық
ғылымда жəне білім беру практикасының жетістіктерінің негізінде
оқу, тəрбие үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін педагогика
ғылымдарының саласы болып табылатындықтан, бастауыш сынып
оқушыларын компьютерлік технологияларды қолданып математика
есептерін өздігінен шығару біліктіліктерін қалыптастыруды
қамтамасыз ететін ғылыми негізделген жəне педагогикалық
тұрғыдан тиімді əдістемесін жасау қажеттігі туындайды.
Бастауыш білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі
мақсаты оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру. Осы
мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін
қалыптастыруда жаңа əдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін
білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық
жəне телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы
білім сапасын көтеру.
254
255
Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың
оқыту үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді
пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың
терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кəсіптік іс-
əрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісін қызықты жəне тиімді
ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды. Осыған орай,
мектептегі дəстүрлі сабақтардан өзге, жаңаша сабақтар ұйымдастыру
қажеттілігі жəне мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгеретіндігі
байқалады. Сондықтан заман ағымына қарай күнделікті сабақта
компьютерлік технологияларды қолдану айтарлықтай нəтижелер
беретіндігі айқындалды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесіне байланысты
шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдар жан-жақты еңбек етуде
жəне осы мəселе бойынша ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері
бар.
Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы үшін компьютерді
қолдану туралы бұрыннан белгілі Массачусет технологиялық
институтында (АҚШ) С. Пейперттің жұмысы болып саналады. Оның
басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы
негізінде мектеп жасындағы жəне мектепке дейінгі балалардың
интеллектуалдық қабілетін дамыту бойынша зерттеу жүргізілді.
Жұмыс негізіне екі идея алынды: 1) интеллектуалдық дамудағы
маңызды өзгеріс мəдениеттілікті өзгерту арқылы ғана жүзеге асыуы
мүмкін; 2) мəдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол
- компьютердің жедел қарқынмен қолданылуы. Осы зерттеулердің
нəтижесінің бірі – балалар үшін «ЛОГО» бағдарламасын түзу болды.
Қазір бүкіл əлемде бұл бағдарлама педагогикалық тəжірибеде кеңінен
қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр.
Бізге белгілі, басқа да эксперименттік зерттеулер 1980 жылы
адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери
(АҚШ, Мэриленд штаты) округының мұғалімдері мен əкімшілігі
бірлесіп жүргізген жұмыс. Оған 165 бастауыш, толық емес орта
жəне толық орта мектептің оқушылары қатысқан. Эксперимент
үдерісі кезінде мына мəселелер қарастырылды: біріншіден, əр түрлі
тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау,
екіншіден, олардың қол жеткізген табыстарын компьютермен
жұмыс істеуі шектеулі, информатика мен есептеуіш техникадан
əзірлігі өте төмен оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы
зерттеулердің нəтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында
қайталанып, жүргізілді.
Ресейлік ғалымдардың білім беру жүйесін ақпараттандыру
мəселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық.
ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде, білім беру жүйесін
ақпараттандыру кең көлемде жүзеге асуда. Мысалы, ақпараттық-
қатынастық
технологияның
негізін
салушылардың
бірі
И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны
бастауыш мектептің бастауыш сыныптарында қолданудың
көптеген мəселелеріне байланысты. Ол еңбектерді талдай отырып,
біз компьютерлік технологияны бастауыш сынып оқушыларын
математикалық есептерді шығаруға үйретуде компьютерлік
технологияның ететін əсері зор екенін анықтадық. Екінші
бір ресейлік ғалым И. Е. Вострокнутовтың еңбектері оқыту
барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық
принциптерін жəне ол технологияны оқушыларды жекелеп оқыту
барысында қолданғанда қойылатын талаптарды анықтаған.
Бүгінгі күні республика көлемінде де ақпараттандыру
мəселесімен айналысып жатқан бірқатар ғалымдардың ғылыми
мектептері бар. Олар:
- профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үдерісінде
компьютерлік технологияларды енгізу мəселелері қарастырылды,
осының негізінде оқыту үдерісінде əртүрлі бағдарламалық
құралдарды қолданудың əдістемесі жасалған (Б. Д. Сыдықов,
Р. С. Шуақбаева, Р. Б. Бекмолдаева, А. Ө. Байдыбекова жəне т.б.);
- профессор Е. Ы. Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді
ақпараттық технология құралдарын қолдануға əдістемелік
тұрғыдан дайындау, информатика пəнін оқыту жəне информатик
мамандарды дайындау мəселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нұрбекова,
Г. Ж. Ниязова, Ш. Шекербекова, А. Ибашова, Э. А. Абдукаримова
жəне т.б.);
- профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қа-
тынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үдерісінде
пайдалану, орта жəне жоғары оқу орындарында информатиканы
оқыту мəселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова,
С. Т. Мұхамбетжанова, Б. Т. Абықанова жəне т.б.);
- профессор Г.Қ.Нұрғалиеваның еңбектерінде білім беруді
ақпараттандыру
жағдайында
электрондық
оқулықтарды
256
257
дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлі оқыту мақсатын-
дағы бағдарламалық құралдарды жасау мəселелері қарастырылған.
Білімді ақпараттандырудың педагогикалық тұжырымдамасын
Д. М. Жүсіпалиева, Ш. Т. Абишева, Ш. Х. Құрманалина, Г. Б. Ахметова,
А. С. Қадырова, А. І. Тəжіғұлова жəне т.б. өз еңбектерінде анықтады.
Б. Баймұханов, Б. Д. Сыдықов өздерінің «Компьютерлік оқу
əдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері»
деп аталатын еңбектерінде былай дейді: заманауи ақпараттық
технологияларды пайдалану оқушылардың жеке ерекшеліктерін
ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде
жаңа мүмкіндіктер ашады.
Н. Е. Исабек зерттеу жұмысында студенттерді компьютерлік
графиканы кəсіби іс-əрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау
жəне оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған.
Осы ғылыми еңбектердің ішінде орта мектептерде компьютерлік
технологияны қолдану жəне электрондық оқулықтарды пайдалану
арқылы білім сапасын, оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру мəселелеріне байланысты бірқатар еңбектерге тоқталайық.
Ж. Қараевтың пікірінше, орта мектептерде оқыту үдерісінде
компьютерді пайдаланғанда түрлі-түсті реңдегі кестелерді,
диаграммаларды, қозғалыстағы денелерді сипаттауға, үдерісті
имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық модельдеу
арқылы дəл əрі көрнекі сипаттауға болады. Демек, компьютерді
пайдаланып, оқытудың мазмұнын анықтауға, дəстүрлі техникалық
құралдардың шамасы келе бермейтін кейбір нəтижелерге жетуге
болады.
Э. А. Абдыкаримова «Компьютерлік модельдеудің негізінде
мектеп физикасын оқытудың əдістемесі» атты кандидаттық
диссертация жұмысында компьютерлік модельдеудің алатын орны
мен рөлін анықтап, «Атомдық физика» жəне «Атом ядросының
физикасы» тарауларындағы құбылыстар мен үдерістердің
компьютерлік модельдерін жасаған.
Р. Б. Бекмолдаева жаратылыстану-математикалық бағдарлы
мектептерде туынды тақырыбын компьютерлік технологияны
қолданып оқыту арқылы оқушыларды математикалық анализдің
ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен, біліктермен,
дағдылармен қаруландыру жүзеге асатынын дəлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: |