Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды



Pdf көрінісі
бет155/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

13.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  
дамыту технологиясы
Сабақ  барысында  оқушының  ізденуі  мен  зерттеу  дағдыларын 
қалыптастыра  отырып,  пəнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі 
оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды  дамыту технологиясы.
Сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  оқу  мен  жазуды  дамыту 
бағдарламасы – əлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған  білім 
берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар 
американдық  ғалымдар  Чарльз  Темпл,  Джон  Дьюи,  Мередит. 
Жобаның  негізі  Ж.  Пиаже,  Л.  С.  Выготский  теорияларын  басшы-
лыққа алады.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан 
қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу 
мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау,  яғни, RWCT жобасы 29 
мемлекетте қолданылады.
Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды    дамыту 
технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сыни 
тұрғыдан  ойлау  арқылы  оқу  мен  жазуды  дамыту»  бағдарламасын 
іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  ретінде  ең  озық 
əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан 
өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT  бағдарламасы – ағылшын  тілінен  аударғанда  «Сын 
тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасының  мақсаты: 
барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан 
қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім 
қабылдауға  сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізге  Джордж  Соростың 
ашық  қоғам  институты, «Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы  келген 
бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне 
енгізілуде.
«Сын  тұрғысынан  ойлау»  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды 
қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл 
септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу,  сол  идеяларға 
қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен 
қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, 
шыңдалған  ойлау.  Бұл  деңгейдегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға, 
жоғарғы  сынып  оқушыларына  ғана  тəн  деп  ойлау  аса  дұрыс 
емес.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  да  бұл  жұмысты  дұрыс 
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, 
белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне 
шешімін  талап  ететін  проблемаларды  айқындаудан  басталады. 
Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. 
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл 
құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің 
болашақта  пайдаға  асуы,  қажетке  жарауын  қалыптастырады.  Көп 
ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен  қажеттісін  алуға 
үйретеді.
Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын 
бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік. 
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не? 


292
293
«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 
бағдарламасы бойынша ол:
-  шыңдалған  ойлау,  кез  келген  даму  деңгейіне  байланысты 
мəселелерге сын көзбен қарау;
-  күрделі  мəселелерді  шешуге,  аса  маңызды,  жауапты  шешім 
қабылдауға құштарлық;
-  үйрету  мен  үйрену  бірлігінің,  үйренудің  қызығушылығынан 
тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
 «СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
•  Кез  келген  ұстазға  сапалы  сабақ  беруге  мүмкіндік 
беретіндігімен.
• 
Оқыту 
мен 
ұйымдастырудың 
тиімді 
əдістерінің 
/стратегияларының/ көптігімен. 
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. 
«СТО-ды  дамыту»  технологиясының  өзге  технологиялардан 
қандай ерекшеліктері бар?
•  Сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарының  құрылымы 
/қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
• Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет