316
317
міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен
интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім
берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені
жасырын емес.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып
қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды
үйренуге машықтандырады, теориялық мəселелерді практикада
қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс əдістерін игеруге
көмектеседі.
Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский-
дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин
жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің
идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика
факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын
табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген
қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен
технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген
мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба
алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты
ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік
берілмеген жəне тұлға дамытудың өзіне тəн түрлі-түрлі көзқарастары
бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері жəне
көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тəлім-тəрбие беру
үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы
бойынша, əр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан əсер етер
күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады.
Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар.
Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып
табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру
үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап,
жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір
сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс
іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған
оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына
жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның
қалыптасуына, біртұтастығына жəне бөлек бөліктеріне позитивті
өзгерістер енеді.
Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты
дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға
негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: