15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру Дамыта
оқытуда
баланың
ізденушілік-ойлау
əрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған
дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның
білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға əрекеттенеді.
Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден
тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Жауаптарды тыңдағанда əр оқушының өз ойын, пікірін айту
мүмкіндіктері
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов
жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу
мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу
іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім
табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге
үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,
жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола
бермес. Дегенмен əр бала жасаған еңбегінің нəтижесімен бөлісіп,
дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға
үйренеді.
Дəстүрлі оқыту əдістемесі негізінде метафизикалық (сандық,
мазмұндық) əдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мəнділік) əдіснамасы жатыр
деп айтуға болады. Дəстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға
қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю
керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи
қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын
принциптерге негізделген. Дəстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға,
ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.