4. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ АППАРАТЫ Жоспар: 4.1. Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары.
4.2. Педагогикалық технологиялардың негізгі элементтері.
4.3. Педагогикалық технологиялардың құрылымы.
4.4. Педагогикалық технологиялардың негізгі алгоритмдері.
4.5. Педагогикалық технологиялардың принциптері.
4.6. Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу шарттары.
4.7. Педагогикалық технологиялардың нəтижесінің жетістіктері.
4.1. Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты
əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде əдебиеттерден
қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын
қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып
жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын
педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.