4.5. Педагогикалық технологияларды іске асыру принциптері Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты
ретінде мынадай əдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса
көңіл аудару аса маңызды:
1. Мұғалімнің педагогикалық кəсіби қабілетіне сену принципі;
2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пəннен
бастауыш сынып оқушысының кепілді дайындығы болу принципі;
3. Оқу үдерісінің модульдік жобалау принципі;
4. Бастауыш мектептегі кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті
жойып, бұрынғы дəстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста
үйлесімді пайдалану принципі;
5. Ұйымдастыру жəне оқыту технологияларын қолдану мен
қалыптастырудағы мəліметтердің дұрыстығы мен шындыққа
сəйкесттік принципі;
6. Бастауыш мектептің мұғалімдері мен оқушыларының оқу
үдерісіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;
7. Бастауыш сынып оқушыларының жалпы біліктілігінің
нəтижесінде пəндік біліктілік əдістерін меңгеруді жүйелі түрде
үйлестіру принциптері;
8. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жобалаудағы
мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;
9. Əр бастауыш сынып оқушысының жалпы білім бойынша
дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.