Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу



Pdf көрінісі
бет28/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

4.6.  Педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу 
шарттары
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиямен  жұмыс  істеу 
үшін төмендегі алғышарттар қажет:
оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың  сабақбастылығын  болдырмау  шараларын 
кешенді  түрде  қарастыру.  Оның  ғылыми-əдістемелік,  оқыту-
əдістемелік,  ұйымдастырушылық  себептеріне  үнемі  талдау  жасап, 
назарда ұстау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім 
стандартымен  жете  танысу,  білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын 


56
57
игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде 
игертуге қол жеткізу;
оқыту  үдерісін  ізгілендіру  мен  демократияландыруды  үнемі 
басшылыққа алу.
Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 
деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен 
салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму  деңгейімен  анықталмақ. 
Жалпы  қоғам  дамуы  мен  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға 
қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп 
тіреледі.  Экономикалық  күшті  дамыған  елдердің  тəжірибесі  білім 
беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым жəне мəдениеттің 
қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр. 
Ендеше  қазіргі  заманның  ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық 
технологиясын игеру міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет