Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар



Pdf көрінісі
бет80/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

8.3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар 
курсындағы  пəнаралық байланыстың дүниетанымдық 
қызметі
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы 
пəнаралық  байланыс – түрлі  оқу  пəндерінің  арасындағы  өзара 
байланысын  айқындау  шарты  жəне  білім  беру  мен  оқыту 
талаптарының  бірі.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар 
курсындағы  пəнаралық  байланыстың  қажеттігі  дүниенің  бірлігін 
бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру 
міндеттерінен  туындайды.  Ол  оқу  пəндерінің  топтары  деңгейінде 
табиғаттың,  қоғамның,  адамдардың  өзара  əрекеті  жөніндегі 
жетекші  жəне  жалпылама  қағидаларды  қамтиды.  Оқу  пəндерінде 
қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмұнының 
біртұтас  жүйесінде  біріктіреді.  Бұл  жерде  қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологиялар курсындағы пəнаралық байланыстың 
дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы  
пəнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі,олардың 
беріктігі  қамтамасыз  етіледі.  Пəнаралық  байланыс  бірқатар  оқу 
пəндеріне  ортақ  негізгі  қағидалар,  ұғымдар,  деректер,  ғылыми 
таным əдістері арасындағы өзара  байланысты   қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы  
пəнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының 
қайталанбауы,  тиімді  орналасуы,  мұғалімдердің  бірлесе  жұмыс 
істеуі  сияқты  бірқатар  педагогикалық  ұйымдастыру  мəселелері 
шешіледі.
Келешек  ұрпаққа  білім  берудегі  күрделі  мəселелердің  бірі  –
біртұтас  педагогикалық  үдеріс  кезіндегі  сабақтарда  пəнаралық 
байланысты  жүзеге  асыру.  Пəнаралық  байланыстың  ең  негізгі 
дидактикалық міндеті – оқыту  үдерісінде  білім беру, тəрбие беру, 
дамытушылық сипатының  арасындағы  байланысты құру.
Классикалық  педагогика  жүйесінде  орын  алған  пəнаралық 
байланыс  идеясы  тарихи  дамуда  дəлелденіп,  қазіргі  педагогика 
ғылымының,  оның  ішінде  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар  курсындағы    пəнді  оқыту  əдістемесінің  басты 
мəселесіне  айналып  отыр.  Сонымен  қатар  пəнаралық  байланыс 
–  қазіргі  заманғы  ғалымдардың  бірігу  тенденциясы  жағдайында 
мектептер  жүйесінің  білім  мазмұнын  айқындаудың  басты  шарты 
болып табылады.
Қазіргі  педагогика  ғалымында  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар  курсындағы  дидактикалық  ұстанымдар  білім 
мазмұнының  негізін  құраушы  құрылым  бөлігі  болып  есептеледі. 
Сол себепті оқыту үдерісіндегі пəнаралық жəне əр пəннің пəнішілік 
байланыстылық ұстанымының да өздік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдерінің пен бойынша 
пəнаралық  білімдері  мен  іскерліктерді  игеруі – оқу  үдерісін 
пəнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  курсындағы  
пəнаралық  байланыс  негізінде  оқушылардың  икемділік  пен 
дағдылары  анағұрлым  күшті  дамитындығын  педагог-ғалымдар 
дəлелдеген. Оқу үдерісі нəтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды 
оқушының ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен 
дағды пайда болды. Профессор Т. Сарыбаев оларды бірнеше топқа 
бөлді.
1.    Интелегентік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс 
істеу, т.б);
2.  Еңбекке  икемділік  пен  дағды  (сызба,  оқи  білу,  еңбек 
құралдарымен істей білу, т.б);
3.   Спорттық икемділік пен дағды;
4.  Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу  үдерісінің  барысында  оқушылар  танымдық,  тəжірибелік 
мақсатты – бағдарлы  іс-əрекеттермен  шұғылданады.  Осы  іс-
əрекеттердің нəтижесінде оқушылар пəнаралық байланыс іскерлігі 
қалыптасады.
А.  Бейсенбаева  «Пəнаралық  іскерлік»  ұғымын  былай 
тұжырымдайды:
«Пəнаралық    іскерлік  оқушылардың  бір  пəннен  меңгерген 
білім,  іскерлік,  ептілік,  дағдыларын  екінші  пəндерді  меңгеруде 
пайдалана,  қолдана  білу  қабілетін  анықтайды».  Бұл  пəнаралық 
іскерлік  бастауыш  сынып  оқушыларымен  салыстырғанда  өзінше 
қалыптасып  дамиды.  Яғни,  пəнаралық  іскерлік  бастауыш  сынып 


124
125
оқушыларында  жас  ерекшеліктеріне  сəйкес  жəне  олардың  өзіндік 
даму сипатына орай жасалады.
Бастауыш  мектепте  бейнелеу  пəнін  оқытудағы    пəнаралық  
байланыс,  негізінен,  бес  пəннің  байланысын  қажет  етеді.  Ол 
пəндерге  музыка,  еңбекке    баулу,  қазақ  тілі,  ана  тілі,  математика 
жəне дүниетану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет