Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет78/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

8. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯ ПƏНІНІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ 
ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН БАСҚА 
ПƏНДЕРМЕН ПƏНАРАЛЫҚ  БАЙЛАНЫСЫ
Жоспары: 
8.1.   Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызы.
8.2.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялардағы 
пəнаралық байланыстың философиялық  негізі.
8.3.     Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы  
пəнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі.
8.1. Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызы
Оқулықтардағы  негізгі  интеграция,  олардағы  пəнаралық 
байланыс. Туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 
жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу  үдерісінде  пəнаралық  байланыстың  маңызы  зор,  ол 
байланыс  білімді  толықтырады,  растайды,  оқушылардың  білімін 
«ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді 
жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ  пəнаралық  байланыс  толық  интеграция  емес,  оқу 
үдерісіндегі  интеграция  оқу  үдерісіндегі  ерекше  жүйе,  яғни 
жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Сондықтан  бастауыш  сыныптың  оқу-тəрбие  үдерісінде 
пайдаланылатын 
пəнаралық 
байланыстың 
педагогикалық, 
психологиялық жəне философиялық негіздерін анықтайық.
Оқушының  адам  қасиеттеріне  сəйкес  бағыттылығы  мен 
тəжірибесін  негізінен  мектеп  қабырғасында  дұрыс  қалыптастыру 
қажеттілігі  туындайды.  Адамның  бағыттылығы  мен  тəжірибесіне 
негіз  болатын  құраушының  бірі – оның  білімі.  Білімнің  өзін 
мазмұндық  жəне  іс-əрекеттік  тұрғыда  қарастыру  көптеген 
зерттеулерде  орын  алған.  Мазмұндық  тұрғыда  оның  өмір  сүру 
формасы – оқу-əдістемелік əдебиеттерде тіркелген.
Осыған  сəйкес  М.Скаткин  жалпы  білім  беретін  пəндерге 
қатысты  өзара  байланысты  білімнің  түрлерін:  негізгі  ұғымдар  мен 
терминдер; əртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы 
байланыстарды  жəне  қатынастарды  күнделікті  болмыстық  жəне 
ғылыми фактілер; берілген пəндік саланың құбылыстарын түсіндіру 
жəне  болжау  нысандарымен  əдістерінің  жиынтығын  анықтау 
жөніндегі  ғылыми  білімдер  жүйесін  қамтитын  теориялар;  ғылыми 
жəне  əлеуметтік  идеялар;  іс-əрекет  тəсілдері,  таным  əдістері  жəне 
білім беру тарихы, ғылыми тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы 
белгіленген  өмірлік  əр  түрлі  құбылыстарға  қатысты  нормалар 
жөніндегі білімдер деп  қарастырған.
Оқыту  мазмұнындағы  білім  мен  іскерліктің  адамның 
интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе 
екендігі  жөніндегі  ғылыми  көзқарастарды  қалыптастырудағы, 
алған білімді өмірмен, қоғамдық тəжірибесімен байланыстырудағы 
құралдардың бірі – пəнаралық байланыстар. Пəнаралық байланыстар 
өткен  ғасырдың  соңғы 20 жыл  төңірегінде  кеңінен  зерттелген 
мəселенің бірі ретінде де қарастырылды.
Зерттеулердің  нəтижесіне    сəйкес  пəнаралық  байланыстар 
оқытудың қағидасы жəне білім берудегі міндетті элементі ретінде де 
айқындалады(В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева   И. Зверев, 
В. Максимов жəне т.б.).
И.  Зверев    пəнаралық      байланыстарды      толықтай    көлемде     
жүзеге асыру тəсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту 
жəне  тəрбиелеу  функциясының  өзара  байланыстарын  ашпайынша 
бұл  мəселені  елестету  мүмкін  еместігін  айтады.  Пəнаралық 
байланыстардың  жалпы  білім    беруін      функциялары  оқушыларда 
материя қозғалысының əр түрлі формаларының өзара байланысын 
көрсететін əлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды 
қарастырады.  Пəнаралық  байланыстардың  тəрбиелеу  функциясы 
оқушыларда 
диалектикалық-материалистік 
дүниетанымдық, 
өнегелік-эстетикалық  идеалдарды  дамытуда,  талдап  қорытылған 
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ  пəнаралық  байланыстар  жастарды  тəрбиелеу  ісінде 
жасөспірім  тұлғаны  қалыптастыру  функциясында  едəуір  мəнге   
ие.  Еңбекке    баулу    мен  ғылым  негізінде  пəнаралық      байланысы  
мектеп    оқушыларының   белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, 
объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде 
пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едəуір ықпал етеді. 
Ол  сананың,  сезім  мен  мінез-құлық  əрекетінің  бірлікті  жүзеге 
асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология 


118
119
пəні  мен  ғылым  негіздері  пəндерінің  байланысы  политехникалық 
функцияны  жүзеге  асырады.  Бұл  функция  еңбек  үдерістерінің 
жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық 
ұстанымдарын ашуға көмектеседі.
В.  Скакун  өз  жұмысында  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технология курсындағы пəнаралық байланыстарды: зерттейтін оқу 
материалдары  мазмұны  бойынша,  оқушыларда  қалыптастыратын 
жалпы  оқу  іскерліктері  бойынша,  оқыту  əдістері  мен    құралдары 
бойынша,  оқушыларды    тəрбиелеу    жəне    дамыту    əдістерімен   
құралдары  бойынша деп  ажыратады.    Пəнаралық байланыстардың 
оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін    шешудегі əлеуметтік-
педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
Қорыта келе, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы 
пəнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
1. Оқу пəндері  арасындағы өзара байланыстың  дамуына жағдай 
туғызады.
2. Ғылыми дүниетанымның қалыптастыруы білім мазмұнының 
барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3.  Пəнаралық  байланыс  жан-жақты  тəрбие  беру  жүйесінің 
барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
4. Пəнаралық байланыс педагогикалық əрекеттің ғылыми тиімді 
ұйымдастырылуына көмектеседі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет