Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі
əдіснамалық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар
мен тəсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін-өзі қалыптасуын жəне
бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас
даралығының дамуын қамтамасыз етеді жəне қолдайды.
Жеке тұлғаға бағытталған əдіс негізіндегі педагогикалық технологиялар:
Жеке бағытталған білім беру технологиясы (Якиманская И.С.);
Дербес дамытудың технологиясы (Селевко Г.К.);
Ынтымақтастықтың педагогикасы;
Адамгершілік жеке технологиясы ( Амонашвили Ш.А.);
Ойын технологиялары;
Дамыту технологиялары;
Проблемалық тəлім-тəрбие;
Деңгейлік саралау технологиясы.