138
139
туралы эзотерия (белгісіз, бейсана) туралы ілімге негізделген.
Педагогикалық үдеріс – бұл қарым-қатынас, хабарлама емес
ақиқатқа жеткізу. Эзотериялық технологияда баланың өзі ғаламмен
ақпараттық қарым-қатынас жасау орталығы болып табылады.
Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология дамуының
бастауы Бахтин-Библер мəдениетінің тұжырымдамасында жатыр.
Бұл ережеде жалпылама диалог адам санасының негізі деген идея
жатыр.
Кез келген педагогикалық технологиялардың дəстүрлі
дидактикалық жүйесінің негізінде түсіндіру жатса, тұлғаға
бағытталған білім беруде түсінушілік пен өзара түсінушілік жатыр.
В. С. Библер бұны былайша түсіндіреді: түсіндіру кезінде жалғыз
сана, бір ғана субъект, монолог; түсінушілікте екі субъект, екі сана,
өзара түсінушілік, диалог. Түсіндіру – үнемі жоғарыдан төмен қарау,
ақыл, өсиет болса, түсіну бұл қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара
қарым-қатынастағы теңдік.
Түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, əлеуметтік
бақылаудан дамуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу тұлғаға
бағдарлы педагогикалық технологияның іргетасын қалайды.
К. Н. Вентцельдің айтуы бойынша, педагогтің негізгі бағдары –
«затты» танып білуге емес, қарым-қатынас жасауға, оқушылармен
өзара түсінушілікке, оларды шығармашылық үшін «босатуға»
бағытталуы қажет. Жеке тұлғалық білім беру кеңістігінде
шығармашылық, ізденушілік негізгі тəсіл болып табылады. Бірақ
балалардың өз бетінше білім берудегі шығармашылық міндеттері
мен өмірлік мəселелерді шешу үшін рухани, дене жəне ақыл-ой
мүмкіндіктері жете дамымағандықтан педагогикалық қолдау мен
көмек көрсету қажет.
Қолдау бастауыш сынып мұғалімінің балаға деген ізгілік
ұстанымын көрсетеді. Балалар мұғалімнен көмек жəне қорғауды
күтсе, мұғалім өз тарапынан бала өміріне, денсаулығына,
эмоционалдық жай-күйіне, дамуына деген жауапкершілікті
саналылықпен сезінеді.
Ш.Амонашвилидің іс-əрекетінде қолдау үш принципке
негізделген: біріншісі – баланы жақсы көру; екіншісі – бала өмір
сүретін ортаны адамдандыру; үшіншісі – балалық шағын өткізу.
В. А. Сухомлинский педагог өзінде балалық шақтың сезімін
сақтап қалуы керектігін атап айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдерінің
алдында тұрған басты мақсаты: баламен болып жатқан өзгерістерді
жəне оны түсінуге қабілеттілігін дамыту; баланың қылықтарына
ақылмен қарау; бала бір нəрсені əдейі бұзбайтынына, қаталесуіне
сену; ол туралы жаман, əділетсіз ойламау; ең бастысы баланың жеке
тұлғалық қасиеттерін бұзбай қатесін түзетіп, дамыту.
Тұлғаға бағдарлы технологиялар əр баланың тұлғалық
ерекшеліктеріне сəйкес келетін оқыту мен тəрбиелеудің əдіс-
тəсілдерін табуға тырысады. Психодиагностикалық əдістерді
қолданып, баланың іс-əрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты
өзгертеді. Оқытудың алуан құралдарын пайдаланады, білім беру
мазмұнын үйлестіреді. Шетел зерттеушісі К.Роджерс педагогтің
негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық өсуіне көмек беру деп
санайды. Оның ойынша педагогика емдеу сияқты: ол үнемі балаға
дене жəне психикалық денсаулық сыйлауы қажет.
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда
мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет.
Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына
жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім
əр оқушының жəне бүкіл сыныптың алдында тұрған мақсат пен
міндеттерді шешуге көмектесіп қана қоймай, бүкіл топтың көңіл-
күйін сезіне алады. Мұғалім топтық қарым-қатынас жасауда
белсенділік көрсетуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: