уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай
құжаттарын
қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде
өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды
және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда
нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші
органға береді.
Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген
тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды
тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс
тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе
басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік
құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да
құжат ұсынылуға тиіс.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік тiркеу «Қоғамдық бірлестіктер
туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы
бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке
тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде
көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым
салынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде
жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: