ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ФИЛИАЛДАР МЕН ӨКІЛДІКТЕРДІ ЕСЕПТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1995 ЖЫЛҒЫ 17 СӘУIРДЕГІ № 2198 ЗАҢЫ 1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру
нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар
туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi
қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-
сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді,
филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық
тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.