Тіпті адам сені қатты жақсы көрсе де, «мәңгі сенімен боламын» десе де, өзің жақсы көрсең де,
бірге бола алмауларың мүмкін, бірге болсаңдар да, бақытты болмауларың мүмкін. Бәрі мүмкін.
24. Қарым-қатынасты жаппау
«Ең жаманы – ұрыс үстінде айырылысу» дейді білетіндер. Себебі, айтылмаған сөзі мен
шығарылмаған сезімі қалған адамдардың қарым-қатынасы ашық қалады. Дұрысы – адамнан алған
құндылықтарыңды өзіне қайтару, оны жіберу, кешіру. Әрине, айтуға оңай. Бірақ қарым-қатынас
ертең сенің өміріңе кедергі келтірмесін десең, оның нүктесін қою керек. Артық қоқысты жүрегіңнен
де, миыңнан да алып таста.
Достарыңызбен бөлісу: