Сендер деп ғұмыр кешемін… Тарих тағылымы



Дата10.12.2023
өлшемі194,38 Kb.
#136708
Байланысты:
Х. Андерсен шығармашылығы


Жұмағали Наурызбай




Сендер деп ғұмыр кешемін…


Тарих тағылымы
Император Юлий Цезарь бірде кеңес шақырды,
Таусылғандай қолбасшының бар төзімі ақырғы:
“Күнтізбеде сорлы Августің есімінде ай аты,
Маған лайық айдың аты неге жоқ?! ”-деп ақырды.

“Бұл дүниеде Гай Юлий Цезарьға ешкім тең емес,


Құдай емес, ол, әрине, бірақ сонша кем емес!
Ұсыныңдар бұл түйіннің әділетті шешімін,
Бұдан әрі бұл мазаққа көнетін жан мен емес!

Екі жүздей кеңесшісі бір кісідей шулады:


“О, ұлы мәртебелім, қам жеме бұл туралы.
Август айын июль етіп өзгертеміз қолма-қол,
Ол бейшара кімге керек, өткен күннің тулағы! ”

Гулеп кетті алтын сарай ұсынысты мақұлдап,


Цезарьдың да көңілі өсіті, жанары оттай лапылдап:
“Кім қолдайды бұл пікірді, қане дауыс беріңдер,
Бір-біріне тығылыспай, бермен қарай жақындап”!

Қайта-қайта басын иіп, Қолбасшыға жалпақтап,


Бір жүз тоқсан тоғыз адам қол көтерді жан сақтап.
Қандай ғана есуастық: ұлы Цезарь алдында
Бір қария басын шайқап, тұрып қалды қалтақтап.

Цезарь айтты: “Ей, ақылшым, дау жоқ жерде егеспе,


Империя бай тарихын түсірсеңші сен еске.
Жарты әлемді жаулап алып, елімізді ұлы еткен
Мұндай құрмет Августке емес, маған лайық емес пе! ”

Сарай іші жым-жырт болды, қалғандай бір күна ғып,


Ақырзаман орнағандай, сөнгендей-ақ күн анық.
Цезарь айтты: “Июль айын енгізіңдер тізбеге,
Тек августпен тең қылыңдар, февральдан күн алып”.

Кемеңгер ғой Юлий Цезарь, білетұғын жөн-жосық,


Шешімін де шығаратын ақылшыдан сөз тосып.
Отыз бір күн екеуі де, июль, август қатар тұр,
Мықты болсаң осылайша екі айды көр қосып!
P. S. Ал бүгінде пенде аз ба,
“Өзім ғана болдым, —дер, —
Қу тақырды кеше келіп, гүл жайнаттым, толдым”—дер.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет