Кітап көп оқы. Алған білімді іс жүзінде қолдан.
"Артық білім кітапта".
Мектеп кезінде Дэйл Карнегидің бір кітабы қолыма түсті. Ішінде "Как
завоевать друзей?", "Как понравиться людям?" деген тақырыптар
болатын. Қызығып кеттім. Оқи бастадым. Ең ұнаған кеңестердің бірі
мынадай еді: " Адамның ең сүйікті сөзі - есімі. Сөйлесу барысында
адамның есімін көбірек қолдануға тырысыңыз, сонда ол адамның
сүйіспеншілігіне бөленесіз". Дереу осы кеңесті өмірде қолданып
көргім келді. Қазір еске алсам, күлкім келеді.Достарымның есімін жиі
айта бастадым. Реакцияларын аңдып тұрдым. Әсері қалай болады
екен деп. Әйтеуір, оң әсері болған сияқты. Айтайын дегенім, кітап
оқып болған соң, алған білімді бірден жүзеге асыруға тырысу керек
екен. Қазір кітап көп оқитын сияқтымын. Бірақ амал етуім
аздау.
Жалпы кітап оқу керемет нәрсе ғой. Жетістікке жеткен
адамдардың өміріне қарасаңыз, барлығының кітап көп оқығанын
байқайсыз. Мен бұл өмірде Абаймен, әл-Ғазалимен, Лев Толстоймен,
Наполеон Хиллмен кездеспейтінім анық. Бірақ ол кісілердің
еңбектерін
оқып,
олармен
сұxбаттасқандай,
ақыл-кеңестерін
тыңдағандай боламын. Біреулер 60 жыл өмір сүріп әлі түсінбеген
ақиқаттарды кітап оқып ұғып ала аласыз.
"Артық білім кітапта" (Абай). Өзгелерден озық болудың, өмірді
жеңілдетудің, білімді арттыра түсудің жалғыз жолы - кітап оқу,
оқығанды өмірде қолдану.
21