Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Мықты болғың келсе, ұнатқан нәрсеңмен айналыс, ал



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

12-қағида

Мықты болғың келсе, ұнатқан нәрсеңмен айналыс, ал 

айналысатын нәрсеңді ұнатқың келсе, мықты бол.


Мықты болғың келсе, ұнатқан нәрсеңмен айналыс, ал 

айналысатын нәрсеңді ұнатқың келсе, мықты бол.

7-8 сыныпта "Геометрия", "Алгебра", "Физика", "Химия" сынды жаңа

пәндерді оқи бастадық. Көпшілік ұната бермейтін, түсінуге қиын

пәндер

ғой.


Гуманитарлық

пәндерге бейімділігім

басымырақ

болатын. Содан болар, жаратылыстану пәндеріне қызығушылығым

қатты болды дей алмаймын. Жетістіктерім де анау айтқандай

болмады. Бір күні бір кісі "Сен барлық пәннен үздіксің, бірақ

геометрия, алгебра сияқты пәндерде, мойындау керек, "5"-ке

тартпайсың" деп намысыма тиді. Мендегі перфекционизм оянып, бұл

"олқылықтың" орнын толтырып, олай емес екенін дәлелдегім келді.

Сөйтіп, бүкіл аксиома-теоремаларды дәлелдерімен жаттай бастадым.

"Сканави"-дің (есептер жинағы) есептерін шығаруға кірістім. Бір

мұғаліміміз "Сканави"-дің "В" (ең қиын) деңгейіндегі есептерін

шығара алсаң, математиканы ФизМаттың деңгейінде меңгердім дей

берсең болады" деп айтқан еді. Не де болса, шығаруым керек деп

мақсат қойдым. Біраз тер төгудің нәтижесінде планометрия,

стереометрия, тригонометрияға деген маxаббатым оянып, жалпы

теxникалық ғылымдарды сүйе бастадым. Жетістіктер де көп

күттірмеді. "Сканави"-дің "В" деңгейінің есептерін шығаруға жарап

қалдық. Жалпы, түсінгенім, бір іспен айналысып, соны мықты

меңгерсең, ол істі жақсы көре бастайды екенсің. Бұған универ

кезінде, жұмысқа тұрғанда талай көзім жетті. Басында ұнатпаған

ісіңді барынша жақсы жасауға, шебер болуға тырыссаң, еңбегіңнің

нәтижесін көргенде, сол іс қызық бола бастайды. Бірақ

мойындау


керек, сол қолмен қанша әдемі жазып үйренсең де, оң қолмен

жазғандай болмайды екен. Сол үшін ұнататын ісіңіз болса, соны

дамытуға, мықты меңгеруге тырысыңыз дер едім. Қалай болған

күнде де, ұнату-ұнатпау - көңіл-күй мәселесі. Жұмысыңыз бірде

ұнауы, бірде ұнамауы мүмкін. Бастысы - еңбек, қолға алған істі

барынша көркем түрде орындауға тырысу.

25





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет