Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Өзіңді, киіміңді таза ұста



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

23-қағида

Өзіңді, киіміңді таза ұста.


Өзіңді, киіміңді таза ұста.

Анамыз кішкентай кезімізден тазалыққа баулыды. Іш киіміміздің өзін

күнде жуып, үтіктеп қоятын. Мұрнымыздан су ағып жүрмейтін.

Тырнақ, шаш уақытында алынатын, құлақ тазаланатын. Жатақxанада

кішкентай бөлмеде тұратынбыз. Соны күн сайын ерінбей жуатын. 7

жасымнан бастап маған жуғыза бастады. Қысқасы, бала кезде көрген

тәрбиенің жемісі - әлі де өзімді, киімімді таза ұстауға тырысам.

Жаңбыр жауып тұрғанда балағымды былғамай жүре алам деп

мақтанып қояйыншы. Кейде душқа жиі түсе бастасам, үйдегілерден

"суды ысырап етпесеңші" деген сөз естіп жатам. Ондай кезде

"жапондар күніге душқа 2 рет түседі екен, ал немістер күн сайын күн

тәртібінің 25 минутын жуынуға арнайды екен" деген қарсы

аргументтерімді айтам.

Намаз оқып жүргеніме 7 жылдың жүзі боп қапты. Қазір дәрет-

ғұсылсыз өмірімді елестете алмаймын. Тіпті дәрет алу намаздың

парызы болмаса да, өзім үшін дәрет алуды тоқтатпайтын едім. Бір

әзіл бар еді: мұсылманның аяғы өзгенің бетінен тазарақ, себебі ол

күніге 5 рет дәрет алғанда аяғын жуады. "Тазалық - діннің жартысы".

Әжетxана әдебінен бастап елді басқаруға дейінгі бүкіл мәселені

қамтып, реттеп қойған Исламдай жүйе бар ма екен?!

Тазалық тақырыбын қозғағанда, ерекше тоқталып өткім келетін

мәселе - ауыз қуысының тазалығы. Күніге екі рет болмаса да, кешке

ұйқыға жатарда міндетті түрде тісті, тілді тазалау керек. Ауыздан

жағымсыз иіс шығып тұрса немесе тістері сарғайып тұрса, жақсы әсер

қалдырмасы анық. Өз басым ауыз қуысының тазалығын сақтауда

мисуактан асқан нәрсе көрмедім. Қолданып көріңіз: әсерін бірден

байқайсыз.

Сырты таза адам ішін де таза ұстауға тырысады. Тазалық - денсаулық

кепілі. Сондықтан жеке гигиенаны сақтап, үстіңізді, киіміңізді таза

ұстап жүруге тырысыңыз.

47





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет