Сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт тап.
Уақыт өте келе адамның қызығушылықтары да өзгеріп отырады екен.
Бала кезде бір іспен шұғылдану ұнаса, есейгенде басқа бір іс сүйікті
ісіңе айналады. Менде де солай болған. Кішкентай кезімде сурет салу
өнеріне
бейімділігім
болыпты.
Есімде,
"Черепашки
ниндзя"
мултьфилміндегі кейіпкерлерді көп салатын едім. Соған еліктеп,
қазақша нұсқасын жасап көргім келді. Жаңа кейіпкерлер, жаңа
есімдер ойлап тауып, үлкен А 3 қағазға салдым. Әттең, сол еңбегімді
таппай қалдым.
10-11 жасымда өлең шығаруға деген қызығушылығым оянды.
Поэзияға қызыққаным сонша, күнде кешке сабақтарымды оқып
болған соң, түнгі 12-1-ге дейін көздің майын тауысып өлең
жазатынмын. Ақындардың өлеңдерін зерттеп, көп оқитынмын.
Жазғандарым өзіме ұнамайтын. 14 жасымда алғашқы "жинағым"
шықты. Word-пен жазып, 20-30 А4 бетті басып шығарып, степлермен
қыстырып қойдым. Үйде тұр әлі.
15 жасымда гитараға қызыға бастадым. Даусы ерекше шығатын.
Сүйемелдеп ән айтуға талап қылдым. "Сағыныш сазы сен едің" деп
дыңғырлатып бастадық қой. Аккордтары оңай еді. Сол үшін осы
әннен бастадым. Қазір есіме алсам, күлкім келеді. Әйтеуір, тарта
берсең, ән айта берсең, бір нәтиже шығады екен. Қазір гитарамен
достығымыз үзілді. Дегенмен үйрену барысында қалыптасқан
музыкалық талғам, нотаны, ырғақты сезіну қабілеттері жоғалмады.
Бұдан бөлек футболға деген маxаббатым да ерекше еді. Бір сөзбен
айтқанда, футболмен "ауырдым". Есімде, 2012 жылы Корея мен
Жапонияда өткен ӘЧ-ның бүкіл матчтарының есептерін жатқа
білетінмін. Криштиану Роналдоның финттарын қайталайтынмын. Ең
үлкен жетістігім футболдан мектеп құрамасына енгенім болар.
Бертін келе қызығушылықтар аясы кеңейе түсті. Кітап оқу, жүзу, бокс,
псиxология, араб, неміс тілдерін үйрену, Құранды қырағатпен оқу
уақыт бөліп, сүйіп айналысқан істерім болды. Қарап тұрсам, біраз
нәрсеге қызығыппын ғой.
Әр адамның сүйікті ісі болуы керек және ол сол іспен шұғылдануға
уақыт таба білуі керек деп ойлаймын. Себебі бұл оның өмірін
қызықты етіп, әрдайым ізденісте болуға итермелейді.
41