Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


Әр жаңа істің ең қиын жері - басы. Сол кезде сабыр



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

Әр жаңа істің ең қиын жері - басы. Сол кезде сабыр 

сақтай білсең, ар жағы жеңіл болады.


Әр жаңа істің ең қиын жері - басы. 

Сол кезде сабыр сақтай білсең, ар жағы жеңіл болады.

Жаңа іске кірісерде немесе жаңа орынға ауысқанда белгілі бір

қорқыныштың, дискомфорттың болатыны рас. "Қолымнан келе ме,

жоқ па?", "Мүмкін бұнымен айналыспағаным дұрыс шығар?"

дегендей ойлар кері тарта бастайды. Сол іске кірісіп кеткен күнде де

жаңа жағдайларға үйрену үшін кішкене сабыр керек. Қиналуыңыз

мүмкін. Бірақ ол уақытша. Сол сыннан өтсеңіз, ар жағы оңай болады.

Университетке түскен жылы оқудан қиналдым. Үлгермедім. Ұйқым

азайды. Түсінбеген материалды бірнеше рет оқыдым. "Мүмкін басқа

нәрсемен айналысармын?" деген ойлар қылаң берді. Осы режимде

біраз жүрдім. Бірақ кейін мойнымнан бір ауыр жүк түскендей болды.

Материалдар оңай меңгеріліп, оқу қызық әрі оңай бола бастады. Оқу

үлгерімім өте жақсы болды дей алам.

Жұмысқа

тұрғанда


да

көп


қолайсыздықтарға

тап


болдым.

Тәжірибенің жоқтығынан шығар, үйреніп кету оңайға соқпады. Бұрын

істемеген істерді жасауға тура келді. Шыны керек, оған аса

қуанбадым. Ол кезде де "Мүмкін жұмыс орнымды ауыстырармын?"

деп ойлай бастадым. Бірақ сабыр сақтап, жұмысымды жалғастыра

бердім. Кейін ол жұмысым өзіме ұнай бастады. Жетістіктер де пайда

болды. Ісімнің нәтижесін көріп, қуандым.

Бұл енді есіме түскен өмірімдегі қарапайым мысалдар. "Сабыр -

алғашқы соққы тигенде" деп Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ

айтқандай, әр істің бастапқы кезі қиын болуы мүмкін, оған бола

еңсеңізді түсірмеңіз, сәл сабыр сақтап, алға жүруіңізді тоқтатпасаңыз,

ар жағы оңай боп кетеді.

5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет