Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Істемейтін болсаң, уәде берме, уәде бердің бе, істе!



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

5-қағида

Істемейтін болсаң, уәде берме, уәде бердің бе, істе!


Істемейтін болсаң, уәде берме, уәде бердің бе, істе!

Шамасы 5-6 сыныпта оқып жүрген кезім. Бір ұстазымыз бізді сыныпта

қалдырып, шығып бара жатып "Шуламай отырыңдар, жарай ма? Уәде

бересіңдер ғой? Уәде - Құдайдың сөзі" деп айтатын еді. Сонда біз, әйтеуір,

тәртіпті боп отыратынбыз. Сол сөздер санамда әлі де жаңғырып тұр. "Уәде

- Құдайдың сөзі". Кейін осы сөздің мағынасын Құрандағы "Алла уәдесін

бұзбайды" деген сөздерді оқығанда тереңірек түсіндім.

Келісілген уақытта келу, алған затын уақытында қайтару, мойнына алған

жауапкершілікті абыроймен атқару - уәдені орындаудың көріністері. Мені

қатты ашуландыратыны - біреудің уәдесін бұзуы, сөзінде тұрмауы. Әрине,

үзірі болса, кешіріммен қараймын. Дегенмен мойнына алған міндетке

немқұрайлы қараса, бей-жай қала алмаймын. Өзім уәде берген болсам,

міндетті түрде орындаймын. Ал орындай алмайтын болсам, уәде

бермеймін. Кейде бір кісілер өтініш жасап жатады. Сол кезде көңілін

қалдырмау үшін "Уәде бермей-ақ қояйын, орайы келсе, өтінішіңізді

орындайын" деп құтылам. Себебі уәденің салмағы өте ауыр. Бір рет уәдені

бұзу екі адам арасындағы байланысты мәңгілікке үзуі ғажап емес, біреудің

ақысы желініп, көңілінде сыз қалуы мүмкін. Ал уәдеңде тұрсаң, сенімге ие

боласың, елдің құрметіне бөленесің.

Мен берген уәдесінде тұрудың керемет үлгісін әкемнен көріп өстім.

Кішкентай кезімізде "ойыншық әперем", "қыдыртам" деп уәде берсе,

соны істегенше жаны тыныштық таппайтын. Бала сезімтал болады ғой.

Оған сөз бердің бе, міндетті түрде орында, әйтпесе ақ парақтай көңіліне

кірбің түседі. Бала тәрбиесінде осыған ерекше көңіл бөлу керек деп

ойлаймын. Бір байқағаным, бүлдіршіндердің алдында уәдеңді орындасаң

және олардың да уәдесін алып, оны орындауын талап етсең, олар көнеді

екен. Мысалы, "Кәмпит сатып әперем деп уәде бердім ғой, міне, мен

сөзімде тұрдым, ал енді сен де ойыншықтарыңды жина, уәде бердің емес

пе" десе, ол бала тіліңді алады.

Сөз соңында, уәдені орындаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін

Пайғамбарымыз Мұxаммедтің ﷺ өмірінен бір үзік келтіре кетсем.

Пайғамбарымыз бір кісімен бір жерде белгілі бір уақытта кездесуге

уағдаласады. Бірақ әлгі кісі кездесу жайлы ұмытып кетеді. 3 күннен соң

есіне түсіп, келісілген жерге келсе, Пайғамбарымыз сол жерде әлі тұр екен.

"Сонша күттірдің ғой" депті әлгі кісіге.

Болмашы істің өзін істеуге уәде бердіңіз бе, онда, сөзіңізде тұруға

тырысыңыз. Уәденің үлкен-кішісі болмайды. Себебі "Уәде - Құдайдың

сөзі".


11




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет